Бала тағдыры – ортақ жауапкершілік

Выпуск - №40(637)   :   11.10.2024
435

2

Соңғы уақытта балалар арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары жиілеп, қоғамды алаңдатып отыр. Осы мәселені бірлесе шешу мақсатында «Өркен» институты маңызды жобаны қолға алып, ұстаздарға біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.

Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ, басты міндет. Балалар арасында жиілеп кеткен қайғылы оқиғалардың әсері назар аударады. Мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін қоғам болып күрес жүргізу қажет. Бұл мақсатта «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты қолға алған маңызды жоба аясында қыркүйек айының екінші онкүндігінде ұйымдастырылған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсына қатыстық. Дәрісті аталған мекеменің академиялық бөлімінің аға оқытушысы Нұрмағанбетова Ғалия Ақылбекқызы жүргізді. 36 сағаттық дәрісте ата-аналармен бірлесе отырып, қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтау мен алдын алу шаралары туралы нақты ұсынымдар берілді.

1


Аталмыш курс барысында баланың мінез-құлқын бақылау, әлеуметтік желілердегі белсенділік мониторингі, сондай-ақ олардың мектептегі құрдастарымен қарым-қатынасын бақылау жолдары қарастырылды. Оқушылармен тұрақты байланыс жасап, ашық диалог үшін сенімді орта құрудың және ата-аналардың баласының өміріне үнемі қатысуының маңызы ерекше атап өтілді. Осындай өзекті тақырыптар қамтылған қысқа мерзімді курс мектеп мұғалімдері үшін тиімді әрі пайдалы болды. Бала – біздің болашығымыз. Бүгінде мемлекет тарапынан оқушылардың алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалған. Ұстаздар өз міндетін барынша адал атқарып келеді, өз кезегінде, ата-аналардың да бала тәрбиесіне назар аударуы аса маңызды. Өйткені, балалардың қауіпсіздігі үшін бәріміз жауаптымыз.

Гүлмира ЕЛЕУСІЗОВА,
Айдарлы жалпы білім
беретін мектебінің директоры,
Қарасу ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.