Білім саласындағы жаңашылдық

Выпуск - №24(521)   :   17.06.2022
708

Мамырдың 16-сы мен маусымның 3-і аралығында Қостанай облысына қарасты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтеріне біліктілік арттыру курсы жүргізілді.

Курс «TALAP» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогі: еңбек функцияларын жетілдіру» бағдарламасы бойынша қолға алынды. Үш аптаға созылған біліктілік курсының  мақсаты – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мазмұны бойынша кәсіптік білімді, іскерлікті жоспарлау және жүйелеу. Сондай-ақ алғашқы аптасында нормативтік-құқықтық актілер, заңнамалар, академиялық дербестік, практикалық модульді зерделеу бойынша оқыту нәтижелері қарастырылды.


Тренеріміз Гульнара Утегенова тәжірибесімен бөлісіп, қазіргі білім беру саласындағы көптеген өзгерістердің қыр-сырын түсіндіре отырып,  кері байланыс арқылы дағдымызды қалыптастыра алды. Курсымыздың екінші аптасында жинақтаған біліктілігімізді кәсіби қызметте жүзеге асыру үшін бір апта іс-тәжірибеден өтуге мүмкіндік алдық. Практика барысында колледждер мен әлеуметтік серіктестік арасындағы жұмысты жандандырып, болашақ білікті маманды даярлау мақсатында оқыту нәтижелерін бірлесіп құра алдық.

Үш апталық курс мазмұны жағынан нәтижесінің дамуы тезірек және өнімдірек болды. Тренеріміз Гульнара Маратовнаның  жоғары кәсіби шеберлігі мен өзара түсіністігі, туындаған мәселелерге жылдам шешім таба алу қабілеті ерекше әсер қалдырды.


Дариға ИЗДИБАЕВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің оқытушысы,
педагогика ғ.м.,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.