Жақында №2 Ұзынкөл ЖББ мектебінде «Цифрлық сауаттылық жағдайындағы табыс траекториясы» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар тақырыбы кездейсоқ таңдалмаған, өйткені қазіргі таңда бұл тақырып – өте өзекті.
.jpeg)
ҚОӘББ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің әдіскері Анаргуль Аубакированың ұйымдастыруымен, аталған әдістемелік кабинеттің басшысы Елена Савкинаның, №2 Ұзынкөл ЖББ мектебінің директоры Нұрлан Жакантаевтың қолдауымен аталған білім ордасында өткен семинар жұмысына Қостанай облысының мектеп ұстаздары қатысты.
Цифрлық сауаттылық білім беру үдерісі мен сапасына әсер ететіні сөзсіз. Ол баланы оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруде диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Білім беру саласында оқытуды жаңа мазмұнда іске асырудың инновациялық тәсілдерін көрсету үшін ұсынылған бағдарлама мазмұнды құрылған. Технологиялық прогресс кезінде білім беру процесін жақсарту үшін басқалармен тәжірибе алмасуда инновацияларды кеңінен тарату ізгі іс. Мұғалімдер цифрлық сауаттылық жағдайындағы табыс траекториясының әртүрлі әдістері мен формаларын, проблемалық-іздеу әрекеттерін қолдану бойынша тәжірибемен танысты. Жалпы цифрлық сауаттылық балаға іздеуді ұйымдастыруға, басқаруға, олардың танымдық, зерттеу қызметін дамытуға мүмкіндік береді.
ҚОӘББ мектепке дейінгі және жалпы білім беру әдістемелік кабинетінің әдіскері Анаргуль Мусаевнаның жетекшілігімен әдістемелік бағдарламада түрлі іс-шаралар жоспарланған. Солардың ішінде ерекше дайындалған заманауи сабақтарды атап өтер болсам: «Есту мүшесінің құрылымы» тақырыбындағы панорамалық алаң (8-сынып) Юлия Топорова; «Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар» тақырыбында (7-сынып) Канат Капышева; «Оттегінің химиялық қасиеттері» тақырыбында (8-сынып) Халида Бурлакова; Зульфира Фасхиева өткізген «Цифрлық білім беру ресурстарын қолдана отырып, заманауи сабақтың инжирингі» коучинг алаңы сынды сабақтар көпшіліктің көңілінен шықты. Сабақтар «Quiziet», «Classtime», «ZipGrade», «Learningapps.org», «popplet», т.б.платформаларын QR-код қолдану арқылы өтті.
Барлық өткізілген сабақтар оқушылардың оқу, ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталып, жаңалықтар ашуға қабілетті белсенді тұлғаны дамыту үшін жағдайлар жасалды. Қазіргі мұғалім – зерттеуші және тәрбиеші. Ең алдымен, педагогикалық мәдениеті жоғары адам. Семинарда ұстаздар тәжірибе алмасу барысында мектептердегі оқу процесін сапалы ұйымдастыру және соңғы нәтижеге жету тәсілдерін практика жүзінде көрсетті. Пәндік нәтижелердің құрамында әртүрлі сабақтар мен сабақтан тыс шараларда қалыптасатын жалпы білім беру дағдылары бар, бұл олардың сапалылығымен көрінеді. Ұстаздар сабақтарды жаңа форматта құрып, жүйеленген сапалы жұмыс формаларын көрсетті. Ұсынылған тәжірибе – заманауи талапқа сай сабақ өткізудің жоғары үлгісі.
.jpeg)
Семинар балаларды цифрлық сауаттылықта оқытуға жаңа көзқараспен қарап, білім беруде жаңалықтар енгізуге талпындыратын сәттер туғызды. Көлемді семинар мазмұнында көптеген пайдалы ақпарат енгізілген, ұстаздар оны іс жүзінде қолдана отырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатыны анық. Кездесу соңында, барлық қонақтар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, пікірлерін, ізгі тілектерін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін ең бастысы, мұғалімнің әдістемелік мәдениетін жетілдіру және оқыту сапасын жақсарту керек. Сондықтан мұғалімдер үшін түрлі семинарлар, іс-шаралар аясында педагогикалық жұмыс тәжірибесімен бөлісу өте маңызды.
Назыгүл КЕНЖЕБАЕВА,
Озерный НОМ
биология және география
пәндерінің мұғалімі,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.