Мектепте оқу-тәрбие жұмысындағы әдіс-тәсілдің қай-қайсысы болмасын, оқушылардың сана-сезімін, ақыл-ойын дамытуды мақсат ететіндіктен, әрбір баланың жеке ерекшеліктерін ескеріп, санасып отыру қажет. Бұл – ұстаздың парызы.
Дарын – табиғаттың берген сыйы болса, оқушы бойындағы жылт еткен сәулені сөндіріп алмай, оны әрмен қарай шыңдау – ұстаздың кәсіби біліктілігіне байланысты. «Дарынды оқушы – ел болашағы» десек, әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Оқушылардың бойындағы қарым-қабілетін байқап, оны шыңдай түсу бағытында тәжірибе алмасу үшін Науырзым жалпы білім беретін мектебінің бір топ мұғалімдері Zoom платформасы арқылы «Дарынды оқушыларды оқытудағы жаңашыл әдіс-тәсілдер» атты облыстық вебинарын өткізді.
Жаңашыл әдіс-тәсілдер арқылы білім алушылардың дарындылық, шығармашылық қабілетін дамыту жолдары талқыланған вебинардың спикері – Науырзым ауданы білім бөлімінің әдіскері А.Амиргалиева болды. Математика пәнінің мұғалімі С.Абжанова «Математика пәнінен дарынды оқушыларды оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері» тақырыбында, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Исембаева «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында дарынды оқушылармен жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында, биология және химия пәндерінің мұғалімі П.Айдарбаева «Химия және биология сабақтарында жаңашыл әдіс-тәсілдердің маңызы» тақырыбында баяндама жасаса, информатика пәнінің мұғалімі Ж.Есенбаев «Информатика пәнінен дарынды оқушыларды анықтауға және оқытудағы жаңашыл әдіс-тәсілдер» тақырыбы аясында тәжірибесімен бөлісті. Ал жаһандық құзыреттілік пәнінің мұғалімі Г.Суинбекова «Рефлексия» өткізді.
Вебинар барысында әрбір пән мұғалімі сабақтарында қолданып жүрген тиімді әрі нәтижелі әдіс-тәсілдерімен бөлісіп өтті. Ұстаздардың осынау тәжірибесі оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытып, қиялын ұштауға септігін тигізеді деген ойдамыз.
Самал НУРМАГАНБЕТОВА,
Науырзым жалпы
білім беретін мектеп
директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.