Кәсіби өсудің кілті – біліктілікті арттыру

Выпуск - №14(611)   :   17.04.2024
654

image

Қазіргі заман мұғалімі жаңа технологияны меңгеріп, қолданыста кеңінен пайдалана білуі керек. Жаңа ғасыр мұғалімі шәкірт алдында терең білім, жан-жақты білікті тұлғасымен дараланып қадірленуі тиіс.

«Өмірдің қуанышы көп алуында емес, басқаларға көп беруінде, білім мен тәжірибеңді халыққа таратуыңда», – деп Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, алған әсерді, білімді оқып қоя салмай, тәжірибеңде қолдану – нағыз қуаныш сол болмақ. Міне, осы сөздеріме айғақ болар, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» филиалы Қостанай облысы бойынша КДИ ұйымдастыруымен «Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбы бойынша біліктілік арттыру курсына қатыстым.
Курсқа келгендегі мақсатым – жаңа Қазақстанда жаңашыл ұстаз болуға қадам жасау, оқытудағы педагогикалық қоржынымды әртүрлі жаңа әдіс-тәсілдермен толықтыру болған еді. Аталмыш курс мазмұны бағдарламаға сәйкес пән мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін шыңдауға бағытталғанына көзіміз жетті. Курс тренері, сол мекеменің кафедра меңгерушісі Жусупова Галия Сапарбекқызы алғашқы күннен бастап пән мұғалімдерінің пәнді оқытудағы психологиялық және педагогикалық аспектілеріне тоқталып, әр күнгі тақырыпты өмірмен байланыстырып өткізді.
Тренердің біліктілік деңгейі, баяндауы, педагогикалық шеберлігі өте жоғары ерекше көзге түсті. Әрбір сабақты өмірмен байланыстырып өткізу – бүгінгі оқу мен оқытудағы басты тренд десек те болады. Себебі, алған білімді өмірде қолдана алу – жеке тұлғаның функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруына үлкен ықпал етеді. Жалпы, біз пәнді оқыту барысындағы көзқарасымызды өзгерте алдық. Бірінші күннен қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнін оқытудағы мәселелерді анықтап және оны өз бойымыздан іздеу арқылы талқылау жұмыстары жүргізіліп және оны шешу жолдары қарастырылды.
Әр сабақты өткізудегі спиральдік байланыс, SMART мақсат, бағалау критерийлері, кері байланыс, рефлексия, оқушыларды қолдау және нәтижеге жеткізудегі тиімді әдіс-тәсілдер, жұмыс түрлері, көркем шығарманы оқытудың стратегиялары, талдау жұмыстары, т.б. педагог қызметі оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қажеттіліктеріне және оларды қолдау, ынталандыру, қызығушылықты арттыруға негізделетінін байқадық. Педагогтің кәсіби өсуі де үнемі біліктілікті арттыруда екен. Біліктілікті арттыру – өз білімін жетілдірудегі басты қадам. Бұл ендігі біздің ұранымыз болмақ.
Курстан алған әсерімізді ауыз толтырып айта беруге болады. Курстан кейінгі педагогикалық мақсатым – осы үйренгенімді жүзеге асыру, қолдана алу және өз қызметімді бағалау. «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» екені бүгінгі мұғалімге қойылатын талап.

Әсел НҰРМҰХАНОВА,
Фурманов ЖББМқазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі, Арқалық қаласы

Реклама

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!

Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.