Арқалық қаласындағы Қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Қосымша білім беруді ұйымдастыру: заманауи тәсілдер мен қағидаттар» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Аталған семинарға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері, үйірме жетекшілерінен, барлығы 64 мұғалім қатысты. Семинар педагогтер қауымының өзара тәжірибе алмасып, балаларға қосымша білім берудің әдістерін жетілдіруді көздеді. Тағылымдық жағы мол семинар барысында 3 бағыт бойынша қосымша білім беру орталығындағы клуб, үйірме жетекшілері ашық сабақтар мен танымдық сабақтар, шеберлік сағаттар өткізді.
Отбасылық шығармашылық өнер бағыты бойынша «Отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылық», сондай-ақ «Киіз бен жүннен 3D стиліндегі көлемді туындылар жасау технологиясы», «Монотипия техникасы», «Домбыра аспабын үйретудегі бастапқы қадамдар» тақырыптарында танымдық, шеберлік сағаттары өтті. Құқықтық-эстетикалық бағытта «Құқықтық білім назарда» тақырыбында мұғалім мен оқушылардың бірлестігінде құқықтық сағат, «Ертегі әлемі – сиқырлы әлем» театрландырылған қойылымы және «Гүлдер» халық биінің қимылдарын үйрену» тақырыбында шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
Ал келесі спорттық бағыт бойынша «Ойын соңында құмалақ жинау тәсілдері» тақырыбында тоғызқұмалақтан шеберлік сағаты, «Тосқауыл арқылы шабуыл және қорғаныс» тақырыбында баскетболдан шеберлік сабақ, «Фишкалардың көмегімен алдау қимылдарын үйрену тәсілдері» атты футболдан шеберлік сағат ұймдастырылды. Іс-шараның соңында қатысушы мұғалімдер семинар жөнінде оң пікірлерін білдіріп, маңызы жоғары тақырып бойынша өзара пікір алмасты. Артынша барлық қатысушыларға Қосымша білім беру орталығының сертификаттары табысталды.
Ляззат ЕСМАҒАНБЕТ,
Қосымша білім беру орталығы
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.