Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
26/10/26 Понедельник

Математика пәні мұғалімдерінің облыстық съезі

Выпуск - №13(510)   :   25.03.2022
448

Қостанай қаласындағы №10 жалпы орта білім беретін мектептің базасында облыстық математика пәні педагогтерінің съезі өткізілді. Өңіріміздің атақты тұлғалары Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсыновтың қазақ халқының қалыптасуына қалдырған педагогикалық мұралары қазіргі таңда жалғасын табуда.

Жиын тіл білімінің атасы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл мерей тойын тойлау қарсаңында болды. Бұл біздің ұстаздарға ерекше міндет жүктейді. Қостанай жері қазақтың талай ұлы перзенттерінің туған жері. Мәртебелі жиын облысымыздың үздік математиктері, білім беру саласы көшбасшыларын, әдіскерлер мен жаңашыл педагогтердің басын қосты. Алғаш рет өткізіліп отырған съезді Қостанай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ибраева Айман Елемановна ашты.


Еліміздің сапалы білім беру ісінде ұстаздың рөлі ерекше маңызға ие. Бүгінгі заман талабына сай мұғалім – ол рухани дамыған, педагогикалық технологияның қыр-сырын, жетік меңгерген шығармашыл тұлға. Бұл қаситеттер математика пәнінің мұғалімдеріне де тән екені белгілі. Математика пәні педагогтерінің кәсіби біліктілігі мен шеберлігі, оқушылар мен мұғалімдердің жетістігіне тоқтала отырып, математика пәнінің оқытылуына қатысты біздің өңірдегі бірқатар мәселелерді көтеріп, олардың шешу жолдарын ұсынды.


А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің физика, математика және цифрлық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Асканбаева Галия Баймухамбетовна, ЖОО-да математика пәні мұғалімдерін дайындау бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны туралы, математика мамандығын бітірген түлектердің мектепке орналасуы және математика пәні мұғалімдерін дайындауда мектептермен ынтымақтастық бағыттары туралы сөз қозғады. Қостанай қаласының «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының менеджері, педагогика ғ.м. Сагадиева Кенжегүл Биахметовна қазіргі уақытта функционалдық сауаттылық деңгейін дамыту мәселесін, функционалдық сауаттылықты дамыту міндеттерін, сондай-ақ оқушылардың қосымша және кәсіптік білім алуына қатысты мәселелерді көтерді.


«Қостанай дарыны» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының ұйымдастыру-көпшілік жұмысы жөніндегі орынбасары Рябинина Наталья Михайловна өз баяндамасында Қостанай облысы оқушыларына облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысуға мүмкіндік беретін математикалық жарыстар жүйесі бойынша, сонымен қатар дарынды оқушыларды дайындауда назар аударатын бірнеше мәселелерді тілге тиек етті. Ал М.Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Есенгулов Канат Маратович өз сөзінде математика мұғалімдерінің Республикалық съезінде көтерілген өзекті мәселелерді қозғай отырып, облыстағы математиканы оқыту мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындық мәселелерін де назардан тыс қалдырмады. Практик мұғалім математика пәнін оқытудағы туындайтын сұрақтарды шешудің жолдарын да ұсынды.


Пленарлық отырыста пәнге қатысты өзекті мәселер көтеріліп, бірқатар сұрақтарды шешу мәселелері педагогтердің құзыреттілігі мен біліктілігіне қатысты екендігі де ашық айтылды. Съезде мұғалімдер тарапынан сұрақтар қойылып, мәселелерді көтеретін диологтік алаңға айналдыАртынша отырыстан шыққан педагогтер маңызды болған сұрақтарын секциялық бөлімде талқылады. Секция жұмысы аясында оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамыту және функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселелеріне, мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауды ұйымдастырудың жаңа тәсілдеріне, әртүрлі деңгейдегі математикалық олимпиадаларға дайындыққа, инклюзивті білім беру мәселелері, мектеп әдістемелік бірлестіктерінің қызметіне және педагогтерді аттестаттаудың жаңа қағидаларына баса назар аударылды.


Секциялардың жұмысында мұғалімдер өздерінің мәселелері туралы, оларды шынымен не қызықтыратыны туралы айтты. Көптеген мәселелер. Ауылдық мектептерде де, қалалық лицейлер мен гимназияларда да мәселелердің бірдей екені байқалды. Нәтижесінде математика мұғалімдерінің облыстық съезінде маңызды және мазмұнды әңгіме болды, ол Қостанай облысының математикалық білім берудегі оң өзгерістерге, жоғары қозғалыстың алғашқы сатысы болады деп үміттенеміз.


Г.К. Ильясова,
Қостанай облысы әкімдігі
білім басқармасының мектепке
дейінгі және орта білім беру
әдістемелік кабинетінің
математика пәні әдіскері

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар

3 дня назад в 13:48

Мәдениет

Путь, заданный великим учителем

4 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

4 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

4 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

4 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.