Тәжірибемен алмасу – кәсіби жетілудің негізгі кепілі. Бұл қағиданы басты ұстаным етіп, жақында Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Облыстық білім басқармасының бірлесе ұйытқы болуымен жаңа жоба бастау алды.
Аталған жоба өңіріміздегі білім ордаларының басшыларына арналған тағылымдама алаңы. Жобаның алғашқы қатысушылары ретінде 5 мектеп директоры таңдалған. Олар: Қостанай қаласындағы №16 ЖББ мектебінің директоры Ильяс Елжасов, Меңдіқара ауданындағы Сосновская ЖББ мектебінің директоры Эльмира Бралина, Қарабалық ауданындағы А.Құнанбаев атындағы ЖББ мектебінің директоры Жанат Карбаева, Б.Майлин ауданындағы №2 Тобыл ЖББ мектебінің директоры Гульнар Алиева, Қостанай ауданындағы Алтынсарин ЖББ мектебінің директоры Алтынбек Нуртаев.
Өңіріміздің білім ордаларының басшыларын қара шаңырағында қабылдап отырған Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Гульнара Дусказиева жобаның артықшылықтарына тоқталып өтті.
– Әр мектеп басшысы үшін және жалпы мектептің тиімді жұмысы маңызды саналатын ұжым үшін қазіргі заманғы мектепті басқару мәселелеріне қатысты көптеген сұрақтар күн тәртібінен түспей келеді. Екінші мәселе – көбінесе күнделікті сұрақтармен жалғыз қалатын директорлардың ынтымақтастық ортасы. Осы екі мәселені біріктіріп, шешімін тапқымыз келді. Сондықтан да Облыстық білім басқармасымен бірлесіп біздің НЗМ қабырғасында ЖББ мектеп директорларына арналған бес күндік тағылымдама жобасын іске қостық. Бағдарлама мектеп өмірінің барлық аспектілерін: стратегиялық бағдарларын, оқу, тәрбие, ғылыми-әдістемелік жұмыс және тұтастай алғанда кез келген мектепті дамытудың барлық ішкі және сыртқы мәселелерін қамтиды. Тағылымдама аясында өз жұмысымызды, мектептің дәстүрлері мен негіздерін көрсетеміз. Бұл жұмыс Қостанай қаласы мен облыс мектептері арасында берік байланыс орнатуға сеп болары хақ. Директорлардың ашықтығы мен белсенділігін атап өткім келеді және Білім басқармасына рихашылық білдіреміз, – дейді Гульнара Уналбековна.
Мектеп директорының орынбасары Татимбеков Рашит Шабдиновичтің айтуынша, бұл жоба Назарбаев Зияткерлік мектебінің үлгісінде білім ордасының тарихына шолу жасалып, алғашқы сатыдан бастап оның даму жолымен, жұмысты жүргізу ерекшеліктерімен, қандай жобалардың жүргізіліп жатқанын және жалпы оларды жүзеге асыру барысымен таныстыру мақсатында қолға алынған. Жоба аясында тағылымдамадан өткен алғашқы бестіктің көңілі тоқ. А.Құнанбаев атындағы ЖББ мектебінің директоры Жанат Сапаргалиевнаның айтуынша, кез келген жұмыстың сәтті болуы командаға байланысты. Өз сөзінде ол мектептегі оқытудың жоғарғы деңгейде ұйымдастырылуы, үштілділіктің еркін қолданылуы, сабақты өткізу деңгейін ерекше атап өтті.
Әріптесінің сөзін жалғаған №2 Тобыл ЖББ мектебінің директоры Гульнар Расуловна, басшылық қызметіне бір жыл болса да, осылайша тәжірибе алмаса отырып, жоба аясында өзіне көп дүниені түртіп алғандығын айтады. «Менің байқағаным, НЗМ-де үш қағиданың негізі берік қаланған. Олар: өзара құрмет, сенім және жауапкершілік. Сабақтарға кіргенде де ұстаз бен оқушының арасындағы берік байланыс бірден байқалады. Мұғалім – бағыттаушы, оқушы – ізденуші. Керемет тандем. Мектептің тәрбиелік, психологиялық жүйесін де қарастырдық. Басшы ретінде мектептің қауіпсіздік жүйесін де ерекше назарға алуымыз керек, бұл тұста соның да жақсы бір үлгісін көре алдық», – дейді.
Өзара тәжірибе алмасып қана қоймай, білім ордаларының арасындағы алшақтықты жоюға септігін тигізетін жоба Облыстық білім басқармасымен келісіле отырып, алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.