Мемлекеттік тілді оқыту жолындағы тәжірибе

Выпуск - №10(558)   :   13.03.2023
403

Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығының базасында Мемлекеттік тілді оқыту: цифрлық технологиялар, тәжірибе» атты тақырыпта аймақтық семинар-тренинг өткізді.

«Мемлекеттік тілді оқыту бойынша өзара ынтымақтастық және бірлескен әдістемелік жұмыс туралы» Меморандум талаптары шеңберінде ұйымдастырылған семинар тілдерді оқыту үрдісін цифрландыру және мобильді қосымшалардың тиімділігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу, оқыту барысында туындайтын мәселелердің жолдарын бірлесіп шешуді көздеді. Аталған семинарға Көкшетау қалалық тілдерді оқыту орталығы мен Солтүстік Қазақстан облыстық тілдерді оқыту орталығының басшылары, әдіскерлері Қостанай облыстық мәдениет басқармасы тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері, өңірдегі облыстық, аудандық және қалалық тілдерді оқыту орталығының басшылары мен әдіскерлері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының тренері, жергілікті БАҚ өкілдерінен барлығы 40 адам қатысты.

Семинар басында Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Мырзабаева құттықтау сөз сөйлеп, Рудный қаласында тіл саясатын іске асыру бойынша атқарылып жатқан ауқымды іс-шаралар жөнінде баяндап берді. Үш облыс – Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай – тіл мамандарының басын қосқан екі күндік семинар-тренинг барысында мықты әдіскерлер тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтатын болсақ, Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің тілдерді оқыту орталығының директоры Г.Есмурзина баяндамасында «Тіл үйренудің заманауи сұраныстары» төңірегінде сөз қозғап, ұсыныстарын ортаға салса, Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары О.Жанатов «Қазақ тілін оқытудың төте жолы» тіл үйретуге арналған авторлық бағдарламасын таныстырды.

Семинардың практикалық бөлімінде Көкшетау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Жетпісбаева «Ұлы даланың жеті қыры» шеберлік сабағымен бөлісіп, тыңдаушылармен кері байланыс орнатты. Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығының әдіскері, филология магистрі Д.Альтанова «Мамандықтар әлемі» тақырыбындағы интерактивті сабағын қызықты өткізсе, Қостанайдағы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Ж.Жұмабаева «Ересектер арасындағы қазақ тілін оқытудағы белсенді әдістер мен технологияларды қолдану» тақырыбы бойынша сабақ беру барысындағы тиімді әдіс-тәсілдерін ортаға салды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының аға оқытушысы, педагогикалық ғылымдар магистрі А.Мускина «Тілді үйретудегі психологиялық аспектілер» тақырыбында тренинг өткізіп, аудиториямен өзара әріптестік қарым-қатынас орната білді. Көкшетау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің тілдерді оқыту орталығы директорының орынбасары А.Кешуова «Тілдерді оқытуды үрдісін ұйымдастыру» тақырыбын кеңінен зерделеп, қазіргі таңда ересектерге тілді үйретудің цифрлық технологияларын қолданудың тиімді тұстарын баяндап берді. Ал Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Ж.Досубаева «Топтық жұмысқа арналған әдіс-тәсілдер» тренингін әсерлі өткізіп, қатысушылармен кері байланыс орнатты.

Рудный-Көкшетау қалалық тілдерді оқыту орталықтары арасындағы «Мемлекеттік тілді оқыту бойынша өзара ынтымақтастық және бірлескен әдістемелік жұмыс туралы» екі жақты Меморандум аясында осымен екінші семинар өткізілді. Аталған семинар-тренингтің әдіскер-оқытушыларға пайдасы өте зор. Неге десеңіз, тіл мамандары жинақтаған тәжірибелерімен бөлісіп, өзара пікір алмасады. Цифрлық технологияларды меңгеріп, сабақ беру барысында қолданады. Семинар соңында қатысушылар docs.google.com арқылы сауалнама толтырып, семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Басқа облыстардан келген қонақтарға Рудныйдағы алып өндіріс «ССКӨБ» АҚ кен өндіру алаңына экскурсия жасалды. Семинардың барлық қатысушыларына сертификат табысталып, шеберлік сабақ көрсеткен спикерлерге бөлім басшысының атынан Алғыс хат табысталды. Жыл бойы осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыратын боламыз.


Гүлнар ТАЛАПОВА,
Рудный қалалық тілдерді
оқыту орталығының
басшысы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.