Оқу үрдісіндегі нәтижелі тәжірибе

Выпуск - №14(611)   :   17.04.2024
501

2

Мичурин ЖББ мектебінде Қостанай ауданының бастауыш сынып мұғалімдері «Құндылықтар негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және ББЖМ-нің оқу үрдісіндегі нәтижелі тәжірибесімен бөлісу» тақырыбындағы семинарда бас қосты.

1

Тақырыбы айтып тұрғандай, сеинардың мақсаты – құндылықтар негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және сабақтан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларының бойына құндылықтарды қалыптастыру, ББЖМ-нің маңызын айқындау, мұғалімдермен іс-тәжірибемен алмасу. Тағылымға толы семинар барысында Айсары ЖББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А.Мұханбетжанова қонақ сабақ беріп, келген ұстаздарға іскерлігімен бөлісе отырды.
Мичурин ЖББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Ж.Маденова, Т.Липанова, А.Жанділда әріптестеріміз ББЖМ-нің оқу үрдісіндегі нәтижелі әдіс-тәсілдерін көрсете отырып, жоғары деңгейлі сабақтар көрсетті. Сонымен қатар, ұстаздар үшін коучинг, шебер-сабақтар өткізілді. Х.Тулекина, А.Байменова, Т.Соловей және А.Кузембаеваның басшылығымен «Білім сапасын көтерудегі ББЖМ! Сапаға жол» атты практикум коучингте келген қонақтар үшін маңызды ақпараттар мен жаңашыл тәжірибелер орын алды.

3
Семинар бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-шарасына ұласып, ұстаздарға жақсы көңіл-күй мен шаттыққа толы әсер сыйлады. Тәжірибе алмасу шарасы жоғары деңгейде өтті. Мұғалімдермен осындай мақсаттағы семинар-практикумдар көптеп ұйымдастырылса деген кері байланыстар келіп түсті. Семинар соңындағы рефлексия барысында әріптестер семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушылар қатысқан барлық мұғалімдерге алғыс білдірді.

Асем КУЗЕМБАЕВА,
Татьяна ЛИПАНОВА,
Мичурин ЖББМ бастауыш сынып мұғалімдері,
Қостанай ауданы

Реклама

Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.