Арқалық политехникалық колледжінің қабырғасында «Talap» КЕАҚ «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогі: еңбек функцияларын жетілдіру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті.

Жиырма күнге жалғасқан курс екі бөлімнен тұрды: теориялық және тәжірибелік. Курс жетекшісі Г.М. Утегенова өз тарапынан барлық ақпаратты тыңдаушыларға жеткізді. Аталған курста оқытушылар оқытудың жаңа технологиясының бірі – «BOPPPS» моделін меңгерді. Курстан алған білімі мен тәжірибесін ұштастыра отырып, колледждің өндірістік оқыту шеберлері ретінде әдістемелік кеңесте «BOPPPS» технологиясын оқу барысында қолдану: тиімділігі және өзектілігі» тақырыбында шебер-сынып өткіздік.

Шебер-сынып колледжіміздің оқытушыларына «BOPPPS» моделінің алты компонентін таныстыру және тәжірибе алмасуды көздеді. Шебер-сыныпты тренингпен бастап, қатысушы оқытушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйладық. Сабақ жоспарына сәйкес «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша алғашқы «Көпір құрастыру» компонентіне қатысты бейне-ролик көрсету арқылы «Түйме қадау түрлері» атты сабақ тақырыбын аша білдік. Кезекті компоненттерді түсіндіре отырып, тәжірибелік түрде қорытындыладық.

Қатысушы топтар «BOPPPS» технологиясының мақсаты бойынша белгілі уақыт аралығында түйме қадау жолдарын меңгерді. Шебер сынып соңында «BOPPPS» моделіне ассоцация жасалу арқылы, «ПОПС» технологиясымен кері байланыс орнатылды. Басқа да сабақ барысындағы тиімді әдіс-тәсілдер талқыланып, нәтижесінде әріптестерімізбен өткізілген біліктілік арттыру курсы өте тартымды, ал біздің ұйымдастырған шебер-сыныбымыз қызықты және жаңашыл бағытта өтті.
Тоғжан АХМЕТ,
Нұргүл ӘЛІМЖАН,
Арқалық политехникалық
колледжінің өндірістік
оқыту шеберлері
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.