«Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау», – деген Дінмұхамед Қонаев. Әлбетте, өз білгеніңді өзгеге көрсетуден тайынбау – ұстаз бойына қажетті іздену мен зерттеу, табанды болу қабілеттерін шыңдай түседі.

Ұстаз болу жолында әрқашан да үйреніп жүріп, үйрете білу – шеберлік пен үлкен еңбектің белгісі. Жақында «Сабақты зерттеу тәсілі арқылы мұғалімдердің зерттеушілік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Біліктілік арттыру шарасы Қостанай облысы Білім басқармасының 2021 жылғы қазанның 5-індегі «Қала мектептерін ауыл мектептеріне бекіту туралы» №475 бұйрығын, 2022-2023 оқу жылында Рудный қаласында орта білім мазмұнын жаңартуда қолдауды мектеп қызметінде ұйымдастыру туралы Рудный қалалық білім бөлімі басшысының 2022 жылғы қыркүйектің 7-сіндегі №585 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында және Қостанай облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтымен жасалған меморандум негізінде ұйымдастырылды.

Семинарға «Өрлеу» филиалынан 28 ұстаз, серіктес мектептерден 1 тәлімгер және 1 жас маманнан, барлығы 12 ұстаз, сонымен қатар Жангелдин ауданындағы Қ.Қайдосов атындағы, Сарысу жалпы білім беру мектептерінен 4 ұстаз келіп, семинарымыздың зерттеу мен зеределуге қатысты құзыреттіліктің белсенді ортаға түсіп, саралануына атсалысты. Семинарға негіз ретінде мұғалімдердің сабақты зерттеу аясында зерттеу құзыреттіліктерін дамыту белгіленіп, бір уақытта екіге бөлінген топқа 6 зерттеу сабағы көрсетілді. Семинардың мақсаты – сабақты зерттеу арқылы мұғалімдердің зерттеушілік құзыреттіліктерін дамыту бағытында өзара тәжірибе бөлісу болып анықталып, осы мақсатқа қол жеткізуде мектеп-гимназиямыздың шығармашылық, озат мектебі мүшелері өздерінің фокус топтарымен бірлесіп дайындаған зерттеу сабақтарын көрсете білді.
Атап өтер болсам, зерттеу тақырыбы ретінде «Математика сабағында оқушылардың белсенділігін арттыру үшін өзара бағалауды қолдануды» таңдаған мектеп тренері, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Светлана Айтпенова өзінің 2 «Г» сыныбында осы мәселені математика сауаттылығының негізін қалыптастырумен байланыстыра алды. Қазақ әдебиеті пәнінен педагог-зерттеуші Нұргүл Ибраева 8 «Б» сыныбында «Графикалық органайзер арқылы бөлінген көшбасшыны қалыптастыру» тақырыбын зерделеуге белгілеп, шынымен де бөлінген көшбасшыны анықтауға графикалық органайзерлердің тиімді екендігін тәжірибе алмасушы қонақтарға көрсете білді.
Педагог-модератор Жансая Найманбаева орыс тілі мен әдебиетінен «Экспрессивті сөздерді мәтіннен табу арқылы сыни ойды дамыту» тақырыбын белгілеген болса, педагог-шебер Ғалия Байкенова қазақ тілі мен әдебиетінен «Бейнелі сөздерді қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту» зерттеу мәселесін сабақтарында сөздік қорды арнайы тіркестермен байыту арқылы айтылым және сыни ойлау дағдыларын дамытуда тиімді екендігін байқата білді. Ағылшын тілінің екінші санатты мұғалімі Айдархан Омаргалиев 9-сыныпта «Кеңейтілген мәтінді жалпы және терең түсінуде оқылым дағдысын қолдану» мәселесін кеңінен зерделеуде оқылым дағдысының түрлі стратегияларының ұтымдылығын көрсетуде зерттеу құзырын таныта білді. Ал химия пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ербол Калиев «Химиялық реакция теңдеулерін жаза білу дағдыларын арттыру үшін деңгейлік тапсырмаларды қолдану» тақырыбымен нақты химия пәнін зерделеу бойынша дағдыны арттырудың тәжірибесін ортаға салды.


Әлбетте, семинар аяқталысымен, зерттелген сабаққа рефлексия жасау құзыреттілігін арттыру бойынша арнайы рефлексиялық талдауды сабақ беруші пән мұғалімдері, ал А, В, С деңгей нысаналарына фокус топтары талдау жасап, семинарға келуші ұстаздардың алғысына ие болды. Осылайша, біліктілік алмасқан семинар нәтижесінде қатысушылар сабақты зерттеу тәсілдерімен танысты; нысанадағы білім алушыларды бақылау, бақылау барысындағы өзгерістерге жалпы рефлексия жасауды үйренді; зерттеу мәселесінің оқу және оқыту үрдісінде негізгі фокуста ұстауды үйреніп, мәселеге қатысты тапсырмаларды негіздеу дағыдысы және де зерттеу сабақтарына жалпы рефлексия жасау дағдылары қалыптасты.
Осындай бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта жұмыс жоспарына енгізілді. Тәжірибе алмасу, үйрету арқылы үйрену, белгіленген артықшылық пен тиімділікті анықтау, арасындағы кемшіліктерді келесі қадам ретінде белгілеу – білім беру үрдісіндегі зерттеу мен зерделеу құзыреттілікті арттырудың негізгі нысаны болып қала бермек. Ең бастысы, ізденіс жолында тоқтап қалмай, жұмысты жалғастырып, әрекет ету. Ал нәтижесі тәжірибені арттыра түсетіні аян.
Әсемгүл АБУТАЛИПОВА,
Б.Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназияның
үйлестірушісі, директордың
бейінді оқыту және дарынды
оқушылармен жұмысы
бойынша орынбасары,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.