Осы сөздің шынайы мәнін ұстаздық тәжірибем барысында толық ұғындым. Қыркүйек пен қазан айларында Қостанай қаласындағы А.Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектепте біраз тәжірибе жинақтадым.
Бұл кезеңде өзімді жаңа қырымнан танып, қателіктерімнен сабақ алып, тәжірибелі ұстаздардың жетекшілігімен біліктілігімді арттырдым. Тәжірибе барысында сын естіп, сынақтардан өтіп, шабыттанған сәттерді де бастан кештім. Сағым сынған сәттерде оқушылармен арадағы жылы қарым-қатынас маған үнемі қолдау беріп, шабыттандыратын. Балаларға деген қамқорлығымның арқасында сабақты нәтижелі өткізуге тырысып, олардың білімін жетілдіруге барлық күш-жігерімді салдым.
Бала кезімде «Мұғалім болмаймын» деген сөзді жиі айтатынмын, алайда тағдырдың өзі мені осы мамандыққа жетелегендей болды. Тәжірибелі педагог-зерттеуші Мейрамкүл Әлиасқарова апайдың жетекшілігі мен үшін үлкен қолдау болды әрі кәсіби тұрғыда өсуіме ықпал етті. Сондай-ақ, 7 «Б» сыныбына жетекшілік етіп, Асемгүл Бегайдарова апаймен бірге оқушылардың дамуына үлес қостық. Апайдың сабырлылығы мен ақыл-кеңестерінің арқасында көп нәрсені үйреніп, даму жолында едәуір алға ілгеріледім. Сыныппен бірге түрлі іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрдік. Бұл жетістіктер мені қанаттандырып, үнемі жаңа бастамаларға ынталандырды.
Педагогикалық ұжыммен жұмыс істей отырып, ұжымдық ынтымақтастықтың маңызын түсіндім. Колледждегі жетекшілерім Мукашева Гүлден Жумагалиевна мен Нұржан Гүлжанат Түйебайқызы теория мен тәжірибені байланыстырып, білімімді тәжірибеге негіздеуге бағыт берді. Бұл, өз кезегінде, ұстаздық жолдың сырын ашуға көмектесті. Мұғалімдік тәжірибем аяқталған соң: «Қалай ғана осының бәріне үлгергенмін?», – деп өзіме-өзім таңғалып, кейде күліп қоямын.
Ұлағатты ұстаздардың ортасында болған уақыт аралығында жеке даму тұрғысынан сабырлық пен табандылықтың бұл қызметтегі маңыздылығын аңғардым. Әр баланың өзіндік ерекшелігі мен қажеттілігі бар екенін түсініп, олардың әрқайсысына жеке көзқараспен қарауды үйрендім. Балаларға тек білім берумен шектелмей, оларға жақын дос, сенімді тұлға болудың маңызын сезіндім.
Осылайша, шыдамдылық қасиетімді шыңдадым және кез келген жағдайға сабырлы болып, жауапкершілік пен тәртіпті ұстану мен үшін негізгі қасиетке айналды. Сабақтарға дайындық барысында әрбір ұсақ-түйекке мән беруді, уақытты дұрыс пайдалануды, өзімді ұйдастымырып, жоспар құруды меңгердім. Бұл қасиеттер мені ұстаз ретінде ғана емес, тұлға ретінде де тәртіпті, жинақы болуға тәрбиеледі.
Практика кезеңі мен үшін ерекше тәжірибелер мен естеліктерге толы болды. Ұстаздық жолда алғашқы қадамдарымды жасап, әртүрлі қиындықтар мен жетістіктерді қатар бастан өткердім. Бұл тәжірибе маған ұстаз болудың нағыз мәнін ұғынуға және оқушылармен жұмыс барысындағы жауапкершілік пен шыдамдылықтың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.
Дильназ САНТАЙҚЫЗЫ,
Қостанай гуманитарлық
колледжінің 3-курс студенті
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.