Заманауи оқыту әдістері шабыттандырады

Выпуск - №25(622)   :   27.06.2024
606

3-D

Әділ Шаяхметов кеңістіктік ойлауды дамытудың тиімді құралы – 3D-текшені көрсетуде

Қостанай облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалында «Orleu-Ustazedu»: «Білім берудегі STEAM және ЖИ (жасанды интеллект) практикасы» республикалық подкаст бойынша қорытынды іс-шара өтті.

Жоба ұйымдастырушысы «Өрлеу-Қостанай» филиалы сәуірдің 1-30 аралығында Қазақстанның түкпір-түкпірінен педагогтердің білім беру подкасттарын қабылдады. Оның қатысушылары STEAM және жасанды интеллектті оқу-тәрбие үрдісіне енгізу тәжірибесін көрсетіп, оқытудың сапасын жақсарту, креативтілікті ынталандыру және болашақ дағдыларын дамыту сияқты бірқатар артықшылықтарды паш етті. Қорытынды іс-шара барысында педагогтер жұмыстарын шебер-сынып форматында ұсынып, тәжірибелік құралдармен бөлісті.
Қостанай құрылыс колледжінің математика пәнінің оқытушысы Олеся Синько Джойтека білім беру платформасында веб-квесттер құру бойынша шебер-сыныбын өткізді. Кәмшат Дөненбаева атындағы кәсіби-техникалық колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Галина Дроженко шебер-сыныбында дәстүрлі атрибуттарды пайдаланбай-ақ, білім беру квестін қалай құрып, ойындық нарративті енгізуге болатынын айтып өтті.
Іс-шара қатысушылары «Гарри Поттер» фильміндегі мантия-жамылғысы, ұлттық бас киімдер және әскери каска сияқты атрибуттарды пайдаланып, тапсырмалар жасады. Математикалық 3D куб жұмбағы оқушылардың кеңістіктік ойлауын дамытуда тиімді құрал бола алады. Бұл маңызды аспект туралы Қарасу ауданының Амангелді орта мектебінің мұғалімі Әділ Шаяхметов айтты. Педагог Марат Жолдыбек «География сабақтарындағы STEAM практикасы» шебер-сыныбында оқытуды көрнекі және интерактивті ететін әртүрлі симулятор қосымшаларын қолдануды көрсетті.
«Orleu-Ustazedu» подкастында Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарынан спикерлеріміз де болды. Бірнеше шебер-сынып жасанды интеллектті тәжірибелік қолдану тақырыбына арналды. «Озат» МАТМЛИ және Қостанай ауданының Надеждин мектебінің биология пәнінің мұғалімдері Жұлдызай Төлеміс пен Әсел Зарлықанова, Қостанай қаласының №15 ЖББ мектебінің Салтанат Маженова мен Анар Темірғалиева, сондай-ақ Қостанай қаласындағы №17 ЖББ мектептің мұғалімі Әлия Оразбекова Copilot, Gamma, Curipod, Gemini, Prezo және басқа да пайдалы құралдар сияқты әртүрлі қосымшалар мен сайттардың жұмысын көрсетті.
Жасанды интеллект негізіндегі бұл платформалар оқу материалдарын әзірлеуге, күнделікті тапсырмаларды автоматтандыруға және оқушылармен өзара әрекеттесуді жақсартуға көмектеседі, аудио және визуалды элементтері бар тапсырмаларды жасауға және мәтіндік тапсырмалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бұл білім беру процесінің сапасы мен әртүрлілігін едәуір арттырады.
«Orleu-Ustazedu» заманауи оқыту әдістерінің білім беру ортасын қалай шабыттандырып, өзгерте алатынының жарқын үлгісіне айналды. Мұндай бастамалар педагогтерге жаңа тәсілдерді меңгеруге ғана емес, оқу процесіне қатысушылардың білім-білігін дамытып, оларды заманауи әлемнің сын-тегеуріндеріне дайындауға ықпал етеді. Ең үздік подкасттар озық тәжірибені тарату және педагогикалық қауымдастық арасында білім алмасу мақсатында әлі де пайдаланылмақ.

Зарина ЖИЛКИБАЕВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ
Қостанай облысы бойынша КДИ
Бас маманы – PR, SMM

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!