Ана тілімізді өрге апаратын жол

Выпуск - №24(471)   :   21.06.2021
166

Үндістанның ақыны Рабиндранат Тагор кезінде: «Біздің бірінші әйеліміз – бенгал тілі – ас үйден шықпайды», – деп, бұл Ұлыбританияның қол астында болған кездердің әсері екендігін айтқан еді.

Үш ғасыр, әуелі патшалық Ресей империясының, одан кейін Кеңес үкіметінің ықпалынан ана тіліміз, қазақ тілі осындай күйге түсті. Әкесі баласымен, атасы немерімен өз ана тілімізде тілдесуден қалды. Кезінде, өткен ғасырдың 30-жылдары Ахмет Байтұрсынов: «Сөзі жоғалған жұрттың – өзі де жоғалады», – деп тіліміздің болашағы үшін қатты алаңдаған болатын. Мыржақып Дулатов «Оян қазақ» өлеңінде тіл, дін және жер туралы ашық жазған еді. Кеңестің белгілі ақындарының бірі Е.Евтушенконың тіл жөнінде: «Полуязык – не есть язык, он как заплеванный родник. Язык – это и есть народ. Язык умрет – народ умрет», – деген бір ауыз шумағы бар.
Халық дегеніміз – тілі, діні, мәдениеті, жері және тарихы ортақ адамдар жиынтығы болса, халықтың басты ерекшелігі – оның тілі. Өйткені тіл дегеніміз – тұтас елдің болу, болмау кепілі. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі Ата Заңымызда айқындалып, қазақ тілінің өсіп-өркендеуіне негізделген заң да қабылданғанымен, 30 жылда мемлекеттік тіліміз еңсесін тік көтере алмады. Мемлекет тарапынан мемлекеттік тіліміз, қазақ тілінің өсіп-өркендеуі жолында халыққа: «Әр қазақ әр қазақпен тек қазақ тілінде тілдессін, қазақ тілін білгендер білмегендерді көшке сүйресін», – деген үндеуі тіл мәртебесін көтеруіне ықпалын тігізе алмады...
Үкімет, мемлекеттік органдар мемлекеттік тіл, қазақ тілінің өсіп-өркендеуіне біржолата бет бұрып, тіліміздің халықаралық абыройын көтермесе қазақ тілінің өсіп-өркендеуі шала күйінде қала бермек. Дүниежүзінде 160 миллионнан астам адамдарды қамтыған орыс тілін игергеннен біздер ұмытылмаспыз, бірақ қазақ тілінің өзге тілдің көлеңкесінде қалуы өкінішті жағдай. Осы тұрғыда қарағанда, жазуымызды латын әріптеріне көшірудің мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданыс аясын кеңейтуге де қосар үлесі зор деп білеміз.
Жер шарындағы 7 миллиард халықтың 44 пайызы латын әліпбиін жазу ретінде қолданады. Сондықтан Қазақстан сияқты бүкіл әлемге танылған елдің мемлекеттік тілінің жазуы да заман талабына сай келуін уақыттың өзі талап етіп отыр. Қазір шет елдермен әр түрлі саладағы байланыстардың күшеюіне байланысты осы шараларды рәсімдеу құжаттарын жазуда латын әріптерінің қажеттілігі анық байқалады. Сондай-ақ Елбасының мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы сарабдал саясаты, оның шетелге барған сапарында БҰҰ мәжілісінде қазақ тілінде сөйлеуі қазір мемлекеттік қызметтегі адамдарға ерекше ықпал етті деп айта аламыз. Заманауи технологиялар заманы қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің қажеттілігін алға тартты. Сонымен қатар қазақ жазуының латын әріптеріне көшірілуі ел болашағы – жас ұрпақтың оқу-білім және ғылым жолындағы ізденістеріне де жол ашады.
Қазіргі заман – ғылым мен техника, оқу-білім, ақпарат, жаңа технологиялар дәуірі. Адам жазу арқылы білім алады, сол арқылы бір-бірімен байланыс жасап, атқарған жұмыстарын да жазып отырады, яғни хаттама, түрлі қатынас іс-қағаздары, ғаламтор, әлеуметтік желілер, т.б. арқылы байланысу – бәрі де жазу арқылы жүзеге асады. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатаны байқалады. Дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттердің көпшілігі латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады.
Осынау жаңа заманда өмір сүріп, білім алу, еңбек ету, белгілі бір мамандықты игеру адамның белсенді іс-әрекеттері мемлекеттік тіл мен ағылшын тілінен, оның жазуынан айналып өте алмайды. Сондықтан латын әріптері өркениеттің жазуы ретінде өмірдің өзі талап етіп отырған басты қажеттіліктердің бірі деп білеміз. Латын әріптерімен жазу арқылы басқа тілді де меңгеру, оны жазу да бір-біріне жақындап, бір әріптен екінші әріпке ауысып отыру қиындығын жеңілдетіп, тілдің қолданысына да оң әсер етеді. Осындай жағдайда білім алып, мамандығын шыңдап жатқан жастарға әлемнің қай жерінде жүрсе де кедергі келтірмей, жұмысын жеңілдете түсуге ықпал етеді. Ендеше латын әліпбиінің болашағы зор, деп сеніммен айтуға болады.

Нұрлан БӘЛДІКОВ,
Лисаков қаласы

 

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.