Педагогикалық қызметте жүрген ұзақ жолымда әріптестерім, шәкірттерім туралы бірнеше мақала жазыппын. Кейіпкерлерімнің қайсыбірімен етене араласпасам да, сырттай байқаған қабілет-қасиеттері негізінде ой өрбіту шығармашылық тәжірибемде орныққан екен.

Басқаша айтар болсам, болашақ кейіпкеріммен алдын ала кездесіп немесе ол туралы мәліметтер жинастырып алып жазуды жоспарлап көрмеппін. Бәрі де күтпеген жерден немесе қандай да бір жайттың, оқиғаның түрткі болуымен дүниеге келеді. Осы жолы да қалыптасқан әдетімнен ауытқыған жоқпын. Қостанай педагогикалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметіндегі әріптесімнің қызметімен азды-көпті қанықпын. Түрлі деңгейдегі іс-шаралардың басы-қасында жүретін Қымбат Сағындыққызының, әсіресе кәсіби мамандар даярлау ісіндегі өзекті мәселелерге және олардың шешімін табуға баса көңіл бөліп жүретіні ұжымға да, одан тысқары жерлерге де аян. Бүгінде аса өзекті саналатын рухани-адамгершілік тәрбиені білім мазмұнына кіріктіру идеясын қызу қолдаушылардың алдыңғы қатарында аталмыш әріптесіміздің тұрғанын айтсақ та жеткілікті болар.
Қымбат Жүнісова осы тақырыпта ауқымды ғылыми-практикалық конференцияның өткізілуіне мұрындық болып, өзінің туған ұжымы – Қостанай педагогикалық колледжінің осынау қанатқақты жобаға бастамашы болуына және нәтижелі жүзеге асуына тікелей ат салысып келеді. Ал, енді, осы жолы да Қымбат Сағындыққызы білім беру саласындағы, оның ішінде мамандар даярлау ісіндегі түйткілді мәселені қозғады. «Қайда?» дейсіз ғой. Нұр-Сұлтан қаласында өткен бастауыш сынып мұғалімдері съезінде. Ол биік мінберден бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауға қатысты пікірін білдіріп, барлық педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұнына талдау жүргізу қажеттігін шегелеп айтты.
Колледжіміздің тәжірибесі мол осынау бас тәлімгерінің айтуынша, өндірістік практикадан өту кезінде колледж студенттері жеке пәндерді оқытуда жиі қиындықтарға тап болады. Неліктен? «Бұл бастауыш білім беру бағдарламасының шамадан тыс күрделілігіне және оқу материалын қайталауға және бекітуге уақыттың жеткіліксіздігіне байланысты. Мысалы, «Математика» және «Жаратылыстану» бағдарламаларына жас ерекшелігіне сәйкес келмейтін, 5-6 сыныптардың оқушыларына лайықталған тақырыптар енгізілген. Сонымен қатар тілдік пәндер бойынша оқыту сапасына дәстүрлі диктанттардың, бақылау, өзіндік жұмыстардың болмауы, сондай-ақ оқуға, түсінуге қиын шығармалардан сәтсіз үзінділер мен мәтіндер теріс әсер етеді», – деп атап өтті педколледж директорының орынбасары.
Әріптесімнің тұжырымын қолдай отырып, тек математика немесе жаратылыстану оқулықтары ғана емес, қазақ тілі оқулықтарына енгізілген материалдардың да оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектеп оқушылары үшін тым күрделі екенін айтып өтсем, артық болмас. Бұл турасында Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетовке хат та жолдаған болатынбыз. Түсінуге, мазмұндауға ауыр мәтін мемлекеттік тілді үйренуге емес, тілден жиренуге, кері кетуге әсер етеді. Әріптесіміздің пікірінше, колледж түлектері әдістемелік және практикалық дайындықтың жоғары деңгейімен ерекшеленеді, әйтсе де көңіл бөліп, ескеретін өзге де жағдайлар аз емес. Айталық, колледждерге мұғалімдікке икемі жоқ, кездейсоқ тап болған мектеп түлектері келеді. «Бұл – мектептерде кәсіптік бағдар жұмысының жеткіліксіз жүргізілуінің салдары», – деп есептейді ол.

Бастауыш сыныптың болашақ мұғалімдерін даярлайтын колледж маманының сөзіне сүйенсек, педагогикалық колледждер оқу процесін ұйымдастыруда модульдік-кредиттік технологияны, оқыту мен академиялық дербестікті іске асыруда айтарлықтай қиындықтарға тап болады және республикалық ғылыми-әдістемелік орталықтар тарапынан әдістемелік сүйемелдеуді қажет етеді. Сондай-ақ ол болашақ білім саласы қызметкерлері үшін инклюзивті білім берудің, ата-аналармен жұмыс жүргізудің тиімді жолдарын меңгерудің артық еместігін де тілге тиек етті. Осы айтылғандар негізінде Қостанай педагогикалық колледжінің ұстазы Қ.Жүнісова Білім және ғылым министрлігіне ұсыныстар жасады.
Ахмет Байтұрсынұлы «Оқыту жайынан» атты мақаласында: «Тәртіппен жасалған оқу құралдарымен оқытуға тәртіппен оқыта білетін мұғалім керек», – деп жазған екен. Қазіргі заман талабы да ұлт ұстазының мәңгілік мәнді осынау тұжырымымен үндес екеніне шүбә жоқ. Республикамыздың бастауыш сынып мұғалімдерінің алқалы басқосуы осы буын педагогтеріне тың серпін береді деген сенімдеміз. Съезд барысында талқыланып, шешімі табылуы тиіс межелердің орындалуы – жалғыз министрлікке ғана емес, барша бастауыш білім беру саласы қызметкерлеріне ортақ, жауапкершілігі мол шаруа. Білім негізі – бастауышта қаланады. Демек бізге білім-білігі терең, кәсіби шеберлігі жоғары, елжанды, белсенді мұғалімдер барынша қажет.
Биалаш СҮЙІНКИНА,
ҚР білім беру саласының
құрметті қызметкері,
Қостанай педагогикалық
колледжі
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.