Әрбір мемлекеттің саяси бағытында мемлекетті дамыту басты міндет болып табылады. Ал дамыған мемлекеттің негізгі көрсеткіштері: тұрақты экономика, сапалы медицина және технологиялық прогресс болса керек. Бұл салалардың жоғарғы деңгейде дамуына қажет «құзыретті мамандар» – заман талабы.
Өз мамандығын шебер меңгерген адам – жеке басының пайдасына ғана емес, елдің қамын ойлайтын, мемлекетіне атақ әкелетін тұлға екені анық. Ал осы нағыз мамандарды, әрине, ұстаздар қалыптастырады. Тәуелсіздік алған 31 жыл ішінде еліміз білім саласында түрлі реформалар мен жетістіктерді бастан өткерді. Осы бағытта білім беру жолында түрлі әдіс-тәсілдерді алға салып, білім алушылардың ойлауға, жазуға, өз пікірлерін ашық айтуға, өз түсініктерін қалыптастыруға, яғни толыққанды тұлғаның қалыптасуы жолында білім беруші ұстаздар тарапынан жұмыстар атқарылып келеді.
Дәстүрлі білім беру форматында қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру тек ұстаздың құзыреттілігіне байланысты. Ал қазіргі заман талабы қашықтан білім беруде аталған мақсаттар мен міндеттерді орындауда ұстаздардың құзыреттілігі ғана емес, білім алушылардың да шешімдері маңызды мәселе болып табылады. Білім саласында қашықтан білім беру тәжірибесін қарастырар болсақ, ол XVII ғасырдың соңында Еуропада «корреспонденттік білім» беруден басталды десек болады. Демек қашықтан білім беруге және қашықтан білім алуға ұмтылыс, сұраныстың осыдан үш ғасыр пайда болуының себебі: адамзаттың білім алуға деген құштарлығы.
Қашықтан білім алудың дамуы барысында бірнеше модельдері ұсынылып отыр.
Бірінші модель – экстарнат түрінде оқыту. Қандай да бір себеппен күндізгі оқу орнында оқи алмайтын оқушылар мен студенттерге арналған, мектептің және ЖОО-ның (емтихандық) талабына ыңғайластырылған оқыту.
Екінші модель – бір университет базасында оқыту. Тұрақты түрде оқытылмайтын, оқу орынан қашықта орналсқан, сырттай (ашық форма) немесе қашықтан оқытатын, яғни компьютерлік телекоммуникациялы мен ақпараттық технологияны қамытыған, студенттерге арналған бүтіндей оқу жүйесі. Мұндай бағдарламалар әртүрлі білім аттестаттарын алу үшін пайдаланылады.
Үшінші модель – бірнеше оқу орындарының бірігіп жұмыс істеуіне негізделген оқыту. Жетекші пәндерді (елдің немесе шет елдің кез келеген аумағында) оқытуда бірнеше оқу орнының, сырттай қашықтан оқытудың бағадарламасын бірігіп дайындауына негізделген. Қашықтан оқытудың бағдарламасын дайындағанда осылай бірігіп қызмет ету, оның сапасын арттырады және біршама арзандатады. Бағдарламаның келешек мақсаты – достас елдердің кез келген азаматына, өз елінен немесе үйінен алысқа ұзамай-ақ, осы елдердегі колледждер мен университеттер базасында кез келген білім алуына мүмкіндік беру.
Төртінші модель – оқушылар мен студентер әр бағытта білім алатын, ашық немесе қашықтан оқытуға арнайы құрылған, тәуелсіз білім беру мекемесі. Олар мультимедиялық курстар жасауға маманданады. Оқу ақысы студенттер жұмыс істейтін ұймдар мен фирмалар арқылы төленеді. Осындай ең ірі мекеме Лондондағы Ашық университет саналады. Оның базасы негізінде соңғы жылдары Ұлыбританияның ғана емес, Достастық елдерінің де көптеген студенттері қашықтан оқытылып жатыр.
Бесінші модель – тәуелсіз оқыту жүйесімен білім беру. Бұған ұқсас жүйелерде оқыту толығымен теледидардағы бейнежазу немесе басқ ада бағдарлама, сондай-ақ баспа құралдары арқылы жүргізіледі. Қашықтан білім беру мәселесі XXI ғасырда техниканың және әлемдік желінің дамуымен жаңа қарқын алды. Бүгінде оның мүмкіндіктері де артып келеді, атап айтсақ:
1. Білім алудың қолжетімділігі;
2. Білім алушы өз ауқатын жоспарлауы;
3. Білім берудің ауықымының шексіздігі (географиялық тәуелсіздік);
4. Ата-ананың баланың білім алу процессін бағалауы және үнемі хабардар болуы;
5. Өмірдегі түрлі өзгерістерге қарамастан, білім алудың үздіксіздігі;
6. Өз білімдерін өздері жетілдіре алады.
Былтырғы наурыздың 16-сынан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде төтенше жағдай енгізген болатын. Осыған байланысты еліміздегі барлық білім беру ордалары қашықтан оқыту форматына көшкен-тін. Қазақстанда қашықтан білім беру форматы тәжірибесіз басталып кетті деуге келмейді, себебі 2003-2004 жылдардан бастап Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында қашықтан білім берудің бірнеше формалары қолданылып келді және осы бағытта білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық, әдістемелік мәселерін зертеушілер К.С. Ахметкаримова, Д.М. Джусубалиева, В.В. Егоров, М.Р. Нургожин, Е.Б. Сыдыков, В.П. Демкин болатын.
Қашықтан білім берудің барлық заманауи мүмкіндіктерін тиімді әрі қызықты етіп қолдану құзыретті ұстазды талап етеді. Қазіргі кезеңде қашықтан білім берудің бірнеше тәуекелдерін сезінуіміз қажет:
1. Білім алушыға күніне бес-алтыдан кем емес тапсырмалардың келіп отыруы (видео, аудио, лекция, мәтін, сабақ жоспары). Мұны жаңа «білім» деп қарастарайық, алайда орындалу барысында білім алушы тек «копировать-вставить» батырмасын қолданумен шектелуі мүмкін.
2. Білім алушының бірнеше сағат компьютер алдында отыруы (жеке өзіне уақыт бөлумен оқу уақатының арасында шектің болмауы).
3. Білім алушылардың жеке қарым-қатынас байланыстан қорқуы (социофобия).
4. Интернеттің болмауы немесе желі белгілерінің төмендігі.
5. Сенімді ортаның болмауы (ата-анасымен тіл табыса алмаған жағдайда).
Аталған тәуекелдердің алдын алу мәселелері Қазақстан Республикасының даму барысында атқарылатын негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.
Қашықтан білім алудың мүмкіндіктері мен тәуекелдерін саралай келе қашықтан білім алу білім алушыға өте қолайлы және үнемді процесс екендігі байқалады. Еліміздің жоғары оқу орындарында қашықтан білім беру тәжірибесі – қосымша білім беру жүйесі болғандықтан, үлкен мәселелер байқалмады. Дегенмен әлемді дүр сілкіндірген пандемияның салдарынан судың бетіне бірнеше мәселелер қалқып шықты десек те болады және бұл жағдай тек Қазақтан Республикасының ауымағында емес, бүкіл әлемді жайлаған проблемалар.
Қашықан білім берудің негізгі проблемалары:
1. Білім беру ордаларымен білім алушылардың техникалық және желілік қамтудың төмендігі;
2. Білім алушымен ұстаздың сенімдік қарым-қатынастың болмауы;
3. Кейбір кәсіби білімді қашықтан меңгеру мүмкіндігінің болмауы;
4. Ынталандырумен тәрбиелік білімнің болмауы;
5. Бәсекелестіктің болмауы;
6. Бағалау уақытының ұзақтығы;
7. Қашықтан оқыту оқушылардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін;
8. Ақпараттың тым көп болуы;
9. Білім алушының қызықтыру қиын екендігі;
10. IT білімнің төмендігі;
11. Тапсырмаларды орындамау.
Көрсетілген проблемалардың біраз бөлімдерін үш тараптан шешу жолдарын кестеде қарастырып көрейік.
Мақалада қарастырылған барлық мәселелерді қорытындылай келе бірнеше жалпы тұжырымдар қалыптастыруға болады. Біріншіден – қашықтан білім беру бұл оқытудың ашық және интеграциялық түрі. Екіншіден – қашықтан білім беру ұстаздан аса құзыреттілікті талап ететін оқу үдерісі. Үшіншіден – қашықтан білім беру заман талабы және білім саласындағы негізгі қажеттіліктердің бірі. Төртіншіден – қашықтан білім беру барысында ұстаздар өз білімдерін күнделікті дамытып жаңартып отыруы тиіс.
Бесіншіден – қашықтан білім алу дарынды ізденімпаздарға өте қолайлы оқу үдерісі, оқу қабілеті төмен білім алушылар үшін кестеде көрсетілген кеңестерге назар аударғаны абзал демек бұл ретте білім алушының рөлінің маңыздылығы. Сонымен қашықтан білім беру технологиясын қолдану барысында білім беру сапасын арттырумен қатар оны жүйелі ұйымдастыру негізінде қоғамның заманауи сұраныстарын орындауы тиіс.
Айсауле ТАСКЕНОВА,
Қостанай педагогикалық
колледжінің арнайы
пәндер оқытушысы
педагогикалық ғылымдар
магистрі
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.