Абай Құнанбайұлының шығармалары ұлтымыздың тұрмыс-тіршілігін, мінезі мен дүниетанымын, ділі мен дінін түгел қамтиды. Сондықтан ұлттық жаңғыру ісінде оның еңбектерін басшылыққа алып, ұтымды пайдалану қажет. Себебі ақын көтерген мәселелер бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ.
«Біріңді – қазақ, бірін – дос, көрмесең істің бәрі бос», – деп Абай әрбір қазақ баласын өз елінің парасатты және ұлтжанды азаматы болуға шақырды. Кемеңгер ойшыл: «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын», – деп өмірдің мәні мен мақсатын «Адам болу» деп таныды. Оқушылардың тәрбиесін, ұлтты Абайша сүюден, елдікті, мемлекетті қадірлеуден бастауымыз керек. Тіл маманы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде осыны әрдайым есте ұстауымыз қажет деп санаймын.
Абайдың қайсыбір өлеңін, қай қара сөзін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән асыл қасиеттерді, атап өтсек ар, ұят, намыс, иман, ақыл, білім, ғылымды бойына дарыта алмаған ел-жұртын сынағанда оны жек көру тұрғысынан емес, керісінше адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды аңғартады. Бұл ақынның көпшіліктің іс-қылығына көңілі толмаған шарасыз күйін байқатады. Адал еңбек, маңдай термен емес, байларды аңду, оның малына сұғанақтықпен көзін қадаған кемшілікті сынға алады. Қазақы тіршіліктегі қайшылықты өмір көшін, сол кездегі әлеуметтік жағдайды сынап-мінейді. Одан арылудың жолы – ғылым мен білімде екенін ескертіп, ел назарын соған аударады.
Абайдың тәрбиелік сипаттағы мазмұнына түрі сай, ең бір күрделі де көркем өлеңдерінің бірі – «Сегіз аяқ». Аталмыш өлеңінде Абай өзі өмір сүрген дәуірдің дерті болған әлеуметтік мәселелерді кеңінен толғайды. Сол қоғамның, сол ортаның індетіне айналған жат қылық, жаман мінез, құлықсыздық, жалқаулық, арызқойлық сияқты халыққа пайдасы жоқ әрекеттерді қатты сынай келіп, адал еңбекпен мал табуға, ар-ұятты ойлап бірлік етуге, достық-бауырлық қарым-қатынаста болуға үндейді.
Ақын өлеңдерінде бала тәрбиесінен бастап тұтас ұлттың, халықтың санасына ықпал ету мақсатындағы ойларын ортаға салды. Оның тәрбиелік бағыттағы ойлары кең ауқымдағы ағартушылық идеяларға ұласты. Бұл тұрғыда Абай ұлттың бір ғана белгілі тобының тілек-мүддесіне орай идеялық мақсат ұстанған жоқ. Тұтас ұлттың, халықтың болашағы туралы, күнделікті мұң-мұқтажы, қажетті іс-әрекеті туралы ой қозғады. Халықтың бірде-бір тобын жекелеп алып қарамай, тұтас сөз қылды. Яғни халқының бойындағы жаман мінез-құлықты, еңбексіздікті, ғылымнан мақрұмдықты сынады. Ол халқын еңбек етуге, ғылымды меңгеруге, адамгершілікті болуға үндеді.
Өлеңдерінде ерекше мән берген тәрбиелік ойларын көпшілікке жақсы таныс қара сөздерінде де жалғастырып, дамыта түсті. Эстетикалық әсері мол өлең өрнегімен жеткізуге тырысқан өнегелік тұжырымдарын ақын қара сөздерінде қарапайым тілмен түсіндіріп, халық санасына ықпал етуді көздейді. Өмірде көріп-білген, танып-сезген жайлардан шығарған қорытындысы есебіндегі даналық ойларға құрылған бұл туындыларында Абай надандық жайлаған халықтың бойындағы жаман қылық, жағымсыз мінезді ашына көрсетіп, сол қасіреттен қалай да құтылмасақ, ел бола алмайтынымызды ескертеді. Қара сөздердің қайсысын алсаңыз да, бірінен-бірі өткен ащы шындықты алдыға тартады. Бұл орайда төртінші, жетінші, оныншы, он екінші, он жетінші, он тоғызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз жетінші, қырық төртінші қара сөздерінің тәрбиелік мәні қай заманда да жойылмайтыны, бүгінде де өзекті екені анық.
Дана әрі дара ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. Жастарды бес нәрседен – өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске – талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымдылық, рақымшылық жасауға шақырды. Жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды көздеді. Бүгінде біртіндеп Абай айтқан кеселдерден арылып, білім мен ғылым саласын дамыту жолында келеміз.
Жанат МАКАШЕВА,
Назира ОТЕШЕВА,
М.Қозыбаев атындағы
№23 ОМ қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімдері,
Қостанай қаласы
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».
Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.