Тәрбие ісіне деген көзқарасым

Выпуск - №28(625)   :   09.08.2024
353

5-1

Жиырма жылдан бері тарих және қазақ тілі пәндерінің оқытушысы әрі сынып жетекшісі ретінде Рудный политехникалық колледжінде қызмет істеп келемін. Осы уақыт аралығындағы тәжірибеме сүйене отырып, тәрбие ісі жайлы ой бөліссем деймін.
Орыстың жазушысы Лев Николаевич Толстой: «Егер ұстаз тек өз ісіне сүйіспеншілік танытса, онда ол жақсы ұстаз. Егер ұстаз балаға деген сүйіспеншілігін танытып, ата-анасы секілді болса, онда барлық кітаптарды оқып шыққан, бірақ не өз ісіне, балаларға сүйіспеншілік танытпайтын ұстаздан артық болғаны. Егер ұстаз өз ішінде балаға әрі ісіне деген сүйіспеншіліктерін біріктірсе – ол нағыз ұстаз болғаны», – деген екен. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – нағыз шеберлік емес пе?

Осындай шеберлікті бойымнан таба білгеніме қатты қуаныштымын. Өйткені, ұстаз – мақтан тұтуға лайық, киелі әрі көне мамандық. Көне мамандық деуімнің де себебі бар. Жұмыр басты пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де кажеттілігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл іс – қиынның қиыны. Себебі, әр адам – қайталанбас тұлға, оның жан дүниесі өзгеше бір әлем. Ал, ұстаз – сол әлемді шартарапқа жетелеуші. Сондықтан да, ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі деп айтамыз.

Мамандық көп. Дей тұрғанмен, өмірден көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беру тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманымен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Дәл осы қызығы мен шыжығы мол мамандықты мен де таңдадым. Бала кезімнен бергі арманыма жеттім. «Өмірде адамзатты оқымай-ақ өмір сүруге бола ма?» деген сұраққа Махатма Ганди: «Адам үш құрылғы бөлшектен тұрады: дене, ақыл және жаны. Соның ішінде тек тұрақтысы – адам жаны. Соның арқасында ақыл мен дене іс-әрекет жасайды. Нәтижесінде, білімді біз жанның ашатын жаңалығы деп білеміз», – деген. Білім алмаған адам, өз жанын жетілдіре алмайды, ақыл мен жанның ерекшелігін жете түсінбейді. Жан жетілмейді, адам жаны өз ішінде кеуіп кетеді.

Өкінішке қарай, мұғалімді оқушыға берілген материалдың толық жетілмей, оқушының оны түсінбей қалуы мазаламауы көп кездесетін жайт. Түсіндің бе – жақсы, түсінбедің бе – отыр, екі. Осы сәтте оқушы алдына еш талап қоя алмайды, оның мүмкіндіктері де ашылмай қалады. Оқу кезеңі күрделене түседі, оқушы оқуға деген ынтасын жоғалтады, ұстазға деген сүйіспеншілігі де азаяды. Ал, ұстаздың «білімсіз» оқушысына деген көзқарасы бұзылады.

Бұл туралы Конфуций өз жұмыстарында қарастырған: «Қазіргі таңда ұстаздар тақтайшаларға жазылған жазбаларды әртүрлі талдап отырады, бірақ оның мағынасына өздері де көңіл бөлмейді. Сондықтан да, оқушылар ғылымға деген ынтасын нақты көрсетпейді, ал ұстаздар олардың дарынын ашпайды. Оқушылар сауатсыз болып қала береді және ұстазды жек көреді, оқудың қиыншылығынан қиналып, оның пайдасын да көрмейді. Оқуын бітіргеннің өзінде олар «білімге» деген құштарлығын жоғалтады». Демек, оқушыға деген білімді қызықты әрі қажетті ете білуіміз қажет. Адамның «мүмкіндіктерін» ашуымыз қажет. Қалайша? Білімнің дұрыс жолын таңдай білуіміз қажет.

Әрбір оқушыға оның мінез-құлқына сай тапсырма беріледі, бірыңғай, нақты тәсіл болмайды және бір дұрыс жол ғана оқушыны білім белесіне әкеледі. Оқушылармен сұхбат жүргізу барысында оқытушы берілген тақырып бойынша өзіне көптеген жаңалықтарды да ашуы мүмкін. Қазіргі мемлекетіміздің әлеуметтік, мәдени, экономикалық және технологиялық жаңалықтарға толы дамуы барысында оқытушының заманына сай болуын талап етеді. Демек, қазіргі заман оқытушысының тұлғасын жасай отыра, ол: адамгершілік қасиеті мол, қарапайым да ұстамды, инабатты да салмақты, педагогикалық білімін жете меңгерген, балалар психологиясының маманы бола алатындай тұлға болуы тиіс. Тек өз Отанына, өз еліне қызмет етемін деген адам ғана нағыз ұстаз бола алады.

Оқушыны оқыту және тәрбиелеу ісінде ең керектісі – оқушыларға деген сүйіспеншілік, өзінің педагогикалык еңбегіне сеніммен қарап, оқушылар ұжымында жұмыс істей білуі. Көнелердің айтуынша: «Оқушы – ол толтыруға арналған құмыра емес, ол – одан әрі жалындай түсетін шырақ». Мұғалім мен оқушы сөздері өзара тығыз байланысқан. Ана үшін өсіп келе жатқан баланың әр қадамын қадағалау, оның не айтқанын есту, әрбір қылығын көріп, қадағалай білу – үлкен қажеттілік болып табылады.

Тобымның оқушыларына «Қайда жұмыс істейсің? Кім боласың?» деген сұрақтар қойғанда күтпеген жауаптар естимін. Олардың: «Әлем кұрамын, мемлекет үшін жұмыс істеймін», – деген жауаптары мені қуантады. Болашақта менің балам да біз тұратын мемлекеттің үлкен азаматы болады. Оқушыларым секілді ол да «өз мемлекетін» құрады. Оқушыларыма жақсы тәрбие бергім келеді, олардың елге, достарына, өз анасына және өмірге деген сүйіспеншіліктерін, сенімдерін артқым келеді. Кез келген тұлғаның мүмкіндіктерінің дамуы мен анықталуына, оқушыны объектіден тәрбиеленуші субъектісіне айналуына көмегімді тигіземін.

Оқушыларыма әрбір істі үлкен сүйіспеншілікпен бастау керектігін түсіндіремін. Өйткені, сүйіспеншілікпен бастаған іс өз мәресіне жетеді. Сондықтан да, өмір үшін таңдалған іс – әрбір азамат үшін қоғам алдындағы, мемлекет алдындағы міндет болуы тиіс. Тек осы сәтте біздің елімізде өздеріне, болашағына сенімі мол, білімді әрі бәсекелік қабілеті жетілген, тәрбиелі жасөспірімдер болады. Өз әріптестеріме айтарым: «Бәріміз жұмылып, балаларымыздың бақытты болуына үлес қосып, қоғамға қажет екендерін сезіндірейік».

Манар ЖАКИНА,
Рудный политехникалық
колледжінің оқытушысы,
Рудный қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.