Бүгінде білім беру ұйымдары жастарды тәрбиелеу, олардың адамгершілік, моральдық құндылықтарын қалыптастыру ісіне де үлкен мән беруде. Әсіресе, ХХ ғасырдың соңында тәуелсіздік алған Қазақстан үшін, ұлттық құндылықтарды жаңғырту мәселесі аса өзекті.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде негізгі құндылықтарды атап өтті. Яғни, «Тәуелсіздік және отаншылдық», «Бірлік және ынтымақ», «Әділдік және жауапкершілік», «Заң және тәртіп», «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік», сондай-ақ «Жасампаздық және жаңашылдық». Бұлар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізіне айналады.
2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы осы бағдарламаның негізгі ережелеріне сай ұйымдастырылды. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жастарды отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, білімге құштарлыққа, экологиялық мәдениетке тәрбиелеуді көздейді. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерінде осы құндылықтар ерекше маңызға ие. Сондықтан, ағартушының шығармалары бағдарламаға қосымша құнды құрал бола алады.
Ыбырай Алтынсарин – қазақтың тұңғыш педагогі әрі ағартушысы, ұлттық мектептің негізін қалаушылардың бірі. Ол қазақ халқының санасына білім мен тәрбиені қалыптастыру арқылы қоғамды жаңғыртуға, қазақ балаларына тәрбие беру жолында елеулі із қалдырған тұлға. Ал, әңгімелері – халқымыздың рухани мәдениетінің маңызды бір бөлігі. Оның шығармалары тек әдебиет саласында ғана емес, жастарға ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды, елге деген сүйіспеншілікті, адалдық пен еңбекқорлықты сіңіруге ерекше әсер етеді.
Ыбырай әңгімелерінің мазмұны мен олардың қазіргі оқу процесіндегі маңызы зор. Оның шығармаларын талдай отырып, мұғалімдер оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, жас ұрпақтың адамгершілік құндылықтары мен ұлттық мәдениетке деген саналы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік алады. Оқыту барысында оқушыларға Ыбырай әңгімелерінің ішкі мазмұнын ашып, оларды өмірлерінде қолдануға үйретеді. Ыбырай әңгімелерде берілген білім мен тәрбиенің мәні бүгінгі күні де өзекті, себебі олар жастарды патриоттық тәрбиеге баулып, ұлтқа, еңбекке деген сүйіспеншілікті дамытуға бағытталған.
Ыбырай атамыздың шығармалары арқылы ұрпақтың ұлттық мәдениеті мен құндылықтары сақталады. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, табиғатқа, адамдарға деген құрметті дәріптеген Ыбырай Алтынсариннің шығамашылығы жастардың өмірге деген көзқарасын өзгертіп, оларға адамгершілік бағытта тәрбие беруге мүмкіндік береді. Ыбырай әңгімелері арқылы жастардың бойына, біріншіден, адамгершілік қасиеттерді сіңіруге болады. Әңгімелерінде көрініс табатын тұлғалардың бейнесі мен іс-әрекеттері арқылы, жасөспірімдер адалдық, мейірімділік, тектілік, жомарттық сияқты құндылықтарды меңгереді.
Келбет МУРЗАБЕКОВА,
Абай атындағы ЖББМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.