Білім мен еңбек: жастарға арналған бағдар

Выпуск - №40(637)   :   11.10.2024
42

1

Қазақ халқы ежелден еңбекке ерекше мән берген. «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер» деген мақалдар соның айғағы. Бүгінгі таңда жас ұрпақты еңбекке баулу – ұлттың рухани әрі экономикалық дамуының маңызды құралы.

Данышпан халқымыздың «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады» деген нақыл сөздеріне қарап, қазақ халқының адал еңбекке ерекше көңіл бөлгенін аңғару қиын емес. Бұл сөздер ата-бабаларымыздың еңбекқорлығы мен еңбекпен келген табыстың берекелі екенін көрсетеді. Дана ақын Абай да еріншектік пен жалқаулықты бес дұшпанның бірі ретінде атап, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп, еңбек етуге шақырған. Абайдың бұл сөзі маңызын жоғалтпай, тәрбиенің негізіне айналған.

3


ХХІ ғасыр – білім мен еңбектің заманы. Ел болашағының жарқын болуы үшін жастарды тек біліммен ғана емес, ұлттық және рухани құндылықтармен тәрбиелеу маңызды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев: «Өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөліп, оларды игі істерге бағыттауымыз керек. Барлық оқу орындарында оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру, балалардың бойына адами құндылықтарды сіңіру, мектеп пен отбасының өзара байланысын нығайту маңызды. Мектептердегі біртұтас тәрбие бағдарламасы осы мақсаттарға жетудің тиімді құралдарының біріне айналады», – деп атап өткен еді.
Осы орайда, білім ордаларында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы қолға алынуда. Аталмыш бағдарлама балалар мен жасөспірімдердің еңбекке деген ынтасын, жауапкершілігін арттыруды мақсат етеді. Оқушыларды біліммен ғана емес, өмірге қажетті дағдылармен қамтамасыз етіп, еңбекке баулу да бағдарламаның басты міндеттерінің бірі. Еңбекке баулу – тәрбиенің негізгі құрамдас бөлігі, баланың жауапкершілігі мен табандылығын арттырудағы үлесі де зор. Мәселен, үй шаруасына көмектесу, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатысу арқылы бала өзінің жасаған еңбегінің нәтижесін көріп, сенімділігі нығая түседі.
Еңбектің тәрбиелік құндылықтары бірнеше маңызды қасиеттерді қамтиды. Біріншіден, жауапкершілік. Өз жұмысы мен нәтижесіне жауапты болу – баланың болашақта қоғамдағы орнын табуына көмектеседі. Екіншіден, табандылық. Еңбек етіп, қиындықтарды жеңе білу – табандылықтың белгісі. Үшіншіден, өзін-өзі дамыту. Еңбек барысында жаңа дағдыларды меңгеру – жан-жақты дамудың кепілі. Төртіншіден, әрекет ету қабілеті. Еңбекке оң көзқарас кез келген жағдайға дайын болуға және өзгерістерге тез бейімделуге ықпал етеді. Бұл құндылықтарды оқушылардың бойына ерте жастан сіңіру – қазіргі заман талабы.
Осы мақсатта Жамбыл ЖББ мектебінің 10 «А» сыныбында «Еңбек түбі – береке» атты сынып сағаты өтті. Сабақтың мақсаты – оқушыларға еңбектің адам өміріндегі мәнін түсіндіру, оларды еңбексүйгіштікке және іскерлікке тәрбиелеу, сонымен қатар еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту. Оқушылар топтарға бөлініп, берілген сөздерден мақал-мәтелдер құрастырып, олардың мағынасын талқылады. Үзілген мақалдарды жалғастырып, білімдерін көрсетті. Суретке қарап, әңгіме құрастырды. Видеоролик көріп, өзара пікір алмасты. Мамандықтар туралы ой бөлісіп, болашақ жоспарларымен бөлісті. Тәрбиелік мәні жоғары бұл сынып сағатынан оқушылар жаңа мәліметтер алып, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіріп, адал еңбектің қадірін түсінді.

1


«Еңбек түбі – береке» қағидасы бүгінде де өзекті. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жас ұрпақты еңбекке баулу – еліміздің экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуына бағытталған маңызды қадам. Себебі, сол арқылы жастарға тек материалдық құндылықтарды ғана емес, өмірдің мән-мағынасын да ұғындыра аламыз.

Фарида МЫРЗАГАЛИЕВА,
Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі, Қостанай ауданы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.