Дарынды оқушымен жұмыс қалай жүрмек?

Выпуск - №23(571)   :   15.06.2023
1448

Ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс істейтін білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады деп ойлаймын.

ҚР «Білім туралы» Заңында мемлекеттік саясат негізінде алғашқы рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, талантты бала деп баланың, ата-ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады.

Дарынды оқушыларды анықтауда назар аударатын басты ерекшеліктеріне тоқталар болсам: дарынды бала шапшаң және өзгеше ойлайды; көп көлемде білім меңгереді, алған білімін қолдана біледі; таным, түсінігі жоғары; дарынды оқушының физикалық тұрғыдан ерекшелігі: дамудағы шапшаңдылық, қиял-күшінің басымдығы; дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан өзгешелігі: сезімтал, толыққанды, аңғарлы болуы да байқалады. Жалпы дарынды бала дегеніміз – өзінің қатарластарынан әлдеқайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі бір іс-әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып, жоғары жетістіктерімен дараланатын бала.

Дарындылық – зияттың немесе қабілеттің жоғары деңгейі. Ал пәндік олимпиадалар – оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы. Мектеп оқушылары арасында пәндік олимпиада өткізудің басты мақсаты – дарынды оқушыларды іріктеу, білім мен тәрбие берудің оңды жолдарын іздестіру. Олимпиада резервтерін дайындауда, ең алдымен, оқушының пәнге қабілетін анықтап, 1-сыныптан бастап дайындаған тиімді нәтиже береді. Дайындық жұмыстары жүйелі түрде, оқушының жас ерекшелігіне сай болуы керек. Олимпиада резервтерімен жұмыс жүргізудің дайындық жолдарына тоқталсам, ол ең алдымен бірнеше ұйымдастыру және оқу-әдістемелік бағыттарда жүзеге асуы тиіс.

Ең алдымен, әр пәнінің мектеп бағдарламасы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойларға жетелеуге тиіс. Екіншіден, пән бойынша алған теориялық білімдерін оқушы қолданбалық түрде көрсетуге, оның себеп-салдарын түсіндіруге, алуан түрлі мәліметтермен жұмыс істеу, салыстырулар мен талдаулар жасауға, болжау жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтануы керек. Ал, үшіншіден, оқушы алдына қойған проблемаларға сараптау, айқындау, жіктеу, дәлелдеу, қажет болса болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйренуі қажет.

Оқушыларды олимпадаға дайындауда қосымша әдебиеттерді тиімді таңдай білген жөн. Өзімнің құрастырған тапсырмалар, ресейлік авторлардың және интернеттен алынған есептер жинақтарын тәжірибемде пайдаланып келемін. Жұмыс барысында энциклопедиялар, анықтамалар, журнал-газеттер, сөздіктердің де мүмкіндіктерін қолданамын. Әрине, оқушы жетістігі – мұғалімнің еңбегінің жемісі болса керек. Осы орайда, шәкірттерді пәндік олимпиадаға дайындауда жүргізген жұмыстарымның нәтижесі өз жемісін беріп келеді. Білімді ұрпақ – Қазақстанның ертеңі мен болашағы. Сондықтан қиындығы мен қызығы мол осынау ұстаздық еңбек жолында сіздерге, құрметті әріптестер, шығармашылық табыстар тілеймін.


Айгуль ЖАУКИНА,
Әулиекөл бастауыш
мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі

Реклама

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».

Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.

Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1
2
3
4