Кәсіби шеберлік қай уақытта да бағалы

Выпуск - №44(592)   :   01.12.2023
578

Барлық мамандықтардың ішінде сұранысқа ие болған, сұраныстағы және әрқашан сұраныста болатын мамандық бар. Бұл – құрылысшы. «Құрылысшы» деген сөзді естігенде көз алдымызға басында дулыға, қолында шпагат бар адам елестейді.

Бірақ құрылысшы – тек кірпіш қалаушы ғана емес, бұл – құрылыс шебері, прораб, жобалаушы, сметашы, инженер, құрылыс университетінде немесе колледжінде оқытушы және т.б. Әулиекөл кентінде қазіргі уақытта қаншама құрылыс нысандары жүріп жатыр, мұнда кәсіби мамандар тынымсыз еңбек еуде, олардың көпшілігі бар ғұмырын осы құрылыс саласына арнаған.

Мен де бір кездері құрылыс саласын таңдадым және мамандық таңдауда жаңылмадым деп санаймын. Құрылысқа, мамандыққа деген сүйіспеншілігімді қазір шәкірттерімнің бойына сіңіріп, Әулиекөл ауылшаруашылық техникумында тас қалаушы болып жұмыс істеудің қыр-сырын үйретіп жүрмін. Мұғалім мамандығы мен үшін өзіңді кәсіби тұрғыда жетілдіріп, жасап жатқан ісіңізге қанағаттанып, қоғамға қажет әрі пайдалы істің мәнін сезінетін қызмет. Бұл менің жан дүниемдегі мәселе. Қажеттілік – тамақ пен ауа сияқты. «Өзің үйрен, басқаға үйрет»: енді менің педагогикалық философиям осы.

Менің ойымша, арнайы пәндер оқытушысы студенттердің іскер серіктесі, олардың көмекшісі, кеңесшісі және одақтасы, жағдайға дайын шешімдерді ұсынатын адам емес, мәселенің ең тиімді шешімін таңдаудағы сүйемелдеушісі. Оқушының бойында қажетті кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін мұғалім жан-жақты дамыған, білімді тұлға болуы керек. Қазіргі бәсекелестік заманында шәкірттеріме заманауи білім беру мақсатында сабақта оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің тиімді құралдарын іздеуге, материалды баяндау әдіс-тәсілдерін таңдау ісіне шығармашылықпен қарауға тырысамын. Яғни, шәкірттерімнің білім алып қана қоймай, шығармашылықпен айналысуына жағдай жасап, түрлі тапсырмалар мен жаңа технологияларды қолдануға тырысамын.

Болашақта құрылыс саласы қарқынды дамып, ғылым алға қарай үлкен қадамдар жасайтынына сенімдімін. Шәкірттеріме айтатыным: «Бәрі өз қолдарыңда. Жақсы оқып, көп еңбек етіп, өзіңді тәрбиеле. Сонда өз салаңыздың таптырмас маманы боласыз. Кәсіби шеберлік қай уақытта да жоғары бағаланады!». Мұғалім болу дегеніміз – кез келген жағдайды шешуге бар білімі мен тәжірибесін, ынтасы мен ерік-жігерін жұмылдыра білу. Көрнекті ғалым В.О. Ключевский мұғалімнің кәсіби шеберлігі үшін ең бастысы қағида бар деп есептеді: жақсы ұстаз болу үшін үйрететін нәрсені жақсы көру және үйрететініңді жақсы көру керек. Ұстаздық кәсібімде осыны басшылыққа алуға тырысамын.


Жаролла ЖАНСҮГІРОВ,
Әулиекөл ауылшаруашылығы
колледжінің арнайы
пәндер оқытушысы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.