Нәтижеге бағытталған білім

Выпуск - №40(537)   :   14.10.2022
998

Заман талабына сай тұлға қалыптастыру үшін білім беру саласына жаңалықтар енгзіп, оны жаңғырту аясында көп жұмыс ақтарылуда. Көп жағдайда «VUGA» әлемінің ерекше шарттары жас педагогтің қызметінің бағытын айқындайды.

Біз инновация деп атайтын көп нәрсе күнделікті өмірдің атрибуты болады. Заманауи мұғалімді сандық, онлайн және қашықтан оқыту, проблемалық оқыту технологиялары, жобалық-зерттеу технологияларынан тыс аралас оқыту технологиясы, инверттелген оқыту технологиясы сияқты жаңа технологияларға қызығушылық танытпай елестету мүмкін емес 2015 жылы Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда (World Economic Forum) әр адамға жаңа күрделі әлемде сәтті кәсіби және жеке өзін-өзі жүзеге асыру үшін қажетті XXI ғасырдың дағдылары (құзыреттері) ретінде сарапшылардың, кәсіпкерлердің, мамандардың растауын алған топ-10 softskills дағдылары ұсынылды. Өз кезегінде экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) талдаушылары 4К деп аталатын ұтқырлық пен табыстылық үшін білім алушыларға қажетті негізгі softskills толықтырады: креативтілік, сыни ойлау, кооперация және коммуникация.

Білім беру нәтижесі ретінде «дағды» ұғымы жоқ, бірақ оны бастапқы практикалық тәжірибе ретінде түсінуге болады және softskills-ті кәсіби қызметте бастапқы тәжірибені қалыптастыру және жалпы құзыреттіліктің компоненттері тұрғысынан қарастыруға болады. Осыған сүйене отырып, білім алушылардың softskills құзыреттілігін тиімді қалыптастыруға ықпал ету үшін мұғалімнің бұл бағыттағы деңгейі қандай болуы керек екенін түсіну керек. Жоғарыда аталған модель softskills дамуының үш аймағынан тұрады және құрылымында үш қабатты сопақшаға ұқсайды.

«Ядролық аймақ» – бұл адамға табиғаттан берілген softskills жиынтығы. Бұл тұрғыда туа біткен жұмсақ дағдылар генетикалық бейімділікке, адамның табиғатына, психикасының ерекшеліктеріне, сипатына, темпераментіне және ойлау түріне байланысты. Туа біткен softskills адам өмірінің басынан бастап оның жеке, әлеуметтік және кәсіби қалыптасуында қатысады, оның қызметінің сәтті нәтижесін қамтамасыз етеді немесе мақсаттарына жету кезінде оған кедергі келтіреді. Бұл ерекшеліктерді білу білім беру қызметін ұйымдастыруда мұғалім үшін маңызды рөл атқарады.

«Пластикалық аймаққа» жатқызылған softskills педагог жұмысының сапасын айқындайды: тиімді ойлау дағдылары, командада жұмыс істеуге дайындық, тәлімгерлік-менторинг, коучинг, өз қызметін жоспарлау, креативтілік таныту және т.б. педагог қызметкерлер білім алушылардың softskills құзыреттерін дамытуға бағытталған білім беру ортасын құрады.

Білім беру жүйесіндегі динамикалық өзгерістерге және ертеңгі күннің белгісіздікке байланысты педагогтің икемділігі «перспективалы аймаққа» жатқызылған softskills құзыреттермен айқындалатын болады. Оларға тактикалық және стратегиялық ойлау, жобалық ойлау, тұрақты өзгерістер жағдайында кәсіби міндеттерді тұжырымдау және шешім қабылдау, клиентке бағдарлану, тұрақты өзін-өзі дамыту, өзін-өзі басқару, ұтқырлық, тайм-менеджмент, рефлексия негіздерін меңгеру және басқа да құзыреттер жатады.

Бұл модель жоғарыда аталған softskills-ті үш топқа біріктіруге мүмкіндік береді:
– ойлау саласындағы softskills;
– қатынастар саласындағы softskills;
– мінез-құлық саласындағы softskills.

Жоғарыда көрсетілген педагогке қойылатын талаптарға сәйкес келуі үшін педагог мамандарды жеке қажеттіліктерді де, біліктілік талаптарын да қанағаттандыратын құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған жүйелі, ұзақ және үздіксіз даярлау қажет. Ал мамандықтың дамуы сонымен қатар бейімделу процесі үздіксіз жүреді, процесті сапалы сүйемелдеу, кәсіби жетістікке жетелеу нәтижесінде жас мұғалімнің білікті де білімді маман болып өсуі сөзсіз. 

Айнур МУСКИНА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ
Қостанай облысы бойынша
Кәсіби даму институты
жаратылыстану және
гуманитарлық пәндерді
оқыту әдістемесі
кафедрасының аға
оқытушысы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.