Шығармашылық пен зияткерлікті дамытқан

Выпуск - №8(556)   :   27.02.2023
619

Пәндік онкүндіктерді өткізудің негізгі мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық белсенділігін, ой-өрісін қалыптастыру, білім беру кеңістігін кеңейту, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту.

Жаратылыстану-математика бағытындағы онкүндіктің ашылуында мектепте баннер ілініп, презентация ойыны көрсетілімі қойылды. Екі апта бойы 5-6 сыныптарда кубик-рубик және кроссворд, 4 сурет 1 сөз конкурсы, 7-11 сыныптарда викториналық ойындар және ашық сабақтар өткізілді. Жоспарға сай 11-сыныптағы математика сабағында Ж.Игисинова «Сан логарифмі және оның қасиеттері» атты тақырыпта жүйелі әрі өте қызықты ашық сабақ өткізсе, 10-сыныптағы информатика сабағында А.Игибаев «Веб беттегі мультимедия» тақырыбында информатика сабағын оқытуда интерактивті әдістерді қолдана отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырды. Сабақтың әр минутын ұтымды пайдаланып, оқушылардың ұйымшыл ұжымын құруға тырысты.

Ал 8-сыныптағы физика сабағында пән мұғалімі ретінде мен, Г.Таипова «Өткізгіштерді тізбектеп және параллель жалғау» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Балалар өз бетінше тұжырымдауға мүмкіндік беретін бірқатар тәжірибелер жасады. Ашық сабақтар заманауи сабаққа қойылатын барлық талаптарды ескере отырып, жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Сабақтарда оқушылар пәнді білу деңгейі мен интерактивті жабдықпен жұмыс істей білу дәрежесін көрсетті. 5-сыныпта математика пәнінен «Ондық бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбында біздің жас маманымыз А.Молдағазы заманауи сабақ көрсетті. Сабақ барысында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларға оқу материалын қолжетімді түрде жеткізе білді.

Жас маман, химия пәнінің мұғалімі Н.Бакиткиреева «Есептер шығару» тақырыбындағы ашық сабағын көрсетті. Сабақта «Тарсия», «Фри», «Падлет» сынды жаңа әдістерді тиімді қолданды. Биология пәнінің мұғалімі К.Нажиканова «Адам қаңқасының құрылысы. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі» тақырыбындағы ашық сабағын өткізді. Оқушыларға сүйек құрылысы мен құрамын, сүйек типтерін, олардың бір-бірімен байланысуын түсіндіре білді. Топтық жұмыста сызықты диктант, жұмбақтар, қызметтеріне байланысты сүйектерді сәйкестендірді. Ал география пәнінің мұғалімі М.Рахметова «Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы» тақырыбында ашық сабағын қызықты өткізді. Оқушылар ұлттық діндер және олардың түрлерін ажыратып қана қоймай, Қазақстан халқының ұлттық, діни құрамына қатысты білімдерін көрсетті.

Онкүндік аясында мұғалімдер сыныптан тыс іс-шараларды да өткізді. Математика және химия пәндерінің мұғалімдері А.Молдағазы мен Н.Бакиткирееваның ұйымдастыруымен 5-11 сыныптарда «Сиқырлы кубик» атты байқау өтті. Үзілісте қызықты викториналар мен зияткерлік ойындарды математика пәнінің мұғалімі Ж.Игисинова өткізді. Ойын барысында балалар белсенділік танытып, тапқырлықтары мен ақыл-ой жылдамдығын көрсетті. Сондай-ақ биология пәнінің мұғалімі К.Нажиканова «Ғажайып алаң» ұйымдастырса, физика пәнінің мұғалімі ретінде мен, Г.Таипова «МИФ» аукционына жауапты болдым, ал жас мамандар А.Молдағазы мен Н.Бакиткиреева «Қызық екен» интелектуалды ойынын қызықты етіп өткізді.

Математика пәнінің мұғалімі Ж.Игисинова «БИНГО» интеллектуалды ойынын қызықты әрі тиімді өткізсе, информатика пәнінің мұғалімі А.Игибаев мұғалімдер үшін «Квест» ойынын өткізді. Сонымен қатар ғылыми жобалар сайысы ұйымдастырылып, оған жауапты ретінде география пәнінің мұғалімі М.Рахметова тағайындалды. Әр түрлі іс-шаралардың арқасында әрбір оқушы математикалық қабілеттерінің деңгейіне қарамастан, онкүндікке қуана қатысты. Екі апталық іс-шараларымыз жалпы мектептік флешмобпен аяқталды. Осындай мазмұнды онкүндікті дайындауға және өткізуге атсалысқан барлық мұғалімдерге алғыс айтамыз.


Гүлжан ТАИПОВА,
Көктал ЖББМ әдістемелік
бірлестік жетекші,
физика пәнінің мұғалімі,
Әулиекөл ауданы

Реклама

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».

Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.

Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1
2
3
4