Ұлттық мәдениеттегі заманауилық

Выпуск - №10(558)   :   13.03.2023
405

Қостанайдағы №28 мектеп-гимназиясында «Ұлттық мәдениеттегі заманауи жаңашылдық үрдістері» тақырыбында дене шынықтыру мұғалімдерінің қалалық семинары өтті. Оған қала мектептерінен мемлекеттік тілде оқытатын дене шынықтыру мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында дене шынықтыру мұғалімі Д.Түйтенов «Ұлттық мәдениеттегі заманауи жаңашылдық үрдістер» атты баяндамасын оқыды. №28 мектеп-гимназияның дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде мен «Дене тәрбиесі сабағында бастауыш сынып оқушылары мен қазақтың ұлттық ойындарын өткізу» атты бастауыш сынып оқушыларымен қызықты ойын-сауық сабағын өткіздім. Білім ордамыздың дене шынықтыру мұғалімі Б.Тосмагамбетова педагогтермен «ҚМЖ жоспарын тиімді жоспаулардың жолдары» тақырыбында практикалық коучинг жүргізсе, семинардың соңында мектеп психологы Д.Сыздықова тренинг және рефлексия көрсетті.

«Дене тәрбиесі сабағында бастауыш сынып оқушылары мен қазақтың ұлттық ойындарын өткізу» тақырыбында алынған ұлттық сабақ логикалық жағынан жақсы құрылған әрі балалардың жас ерекшелігі ескерілген сабақ болды. Сабақ барысында балалар қара жорға биін билеп, қозғалмалы ұлттық ойындар ойнады, соның ішінде «Ләңгі» ойыны, «Садақ ату» мергендік ойыны болды. Жалпы ойын – бастауыш сынып оқушыларының негізгі іс-әрекеті екені баршаға мәлім. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?», – деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.

Сабақта ұмтылып бара жатқан ұлттық «Ләңгі» ойыны оқушыларға жаңашылдық болды. Ләңгі – қорғасынды теріге тігіп немесе жапсырып, аяқпен теуіп ойнайтын балалар ойыны. Дене жүйелі түрде қозғалысқа түскенде қан айналымы үздіксіз жүріп отырады. Ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады. 4 «А» сынып оқушылары керемет жұмыс жүргізіп, сабақ өте қызықты деңгейде ұйымдастырылды. Кейін сабақ соңында ер балалар садақ атып көріп, ерекше әсер алды. Жасыратыны жоқ, телефоннан бас алмайтын балалардың бойында түрлі ауру белігілері кездеседі. Сол себепті ұлттық ойындар арқылы тәрбиелей отырып, мысалы жалаң аяқпен жерден нәр алып, ләңгі ойнауға дағдылану керек.

Саламатты өмір салтын ұстанудың бірден-бір жолы – ұлттық ойынмен тұрақты айналысу екені дәлелдеуді қажет етпейді деп ойлаймын. Ең бастысы, ата-бабадан қалған өнер мен өнеге үлгілерін баланың сана-сезіміне құйып, көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке үйрету – ұстаздар қауымының басты мақсатына айналуына тиіс. Бір ғажабы, ойындар балалардың жан сұлулығын да, тән сұлулығын да жан-жақты жетілдіруге бағытталған. Дене шынықтыру мұғалімдерінің қалалық семинары жоғарғы ұйымдастырушылық деңгейде өтті.

Семинар ұлттық құндылықтарымызды бағалау, балалардың ойлау қаблеттерін арттыру, жаңашылдыққа дәріптеуді көздеді, сол мақсатына жетті де деп ойлаймын. Ұйымдастырушы директордың ғылыми жұмысы бойынша орынбасары Гульнар Шамшина мен Марал Булегенова бастаған әдістемелік бірлестікке алғыс айтамыз. Мектептен келген дене шынықтыру мұғалімдері өздерінің қоржындарын молайтып, ұйымдастырылған семинарға ризашылдықтарын білдірді.


Бейбут ОСПАНОВ,
№28 мектеп-гимназияның
дене шынықтыру
пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы

Актуально

Реклама

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».