Білім берудің мазмұны жаңарды, білім беруге деген жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Жаңа оқу үрдісінде «Оқушылар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйрену керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген тәрізді негізгі сұрақтар туындайды.
Осы орайда әріптесім Акмухамбетова Ботакөз Ауезханқызының тәжірибесін тілге тиек еткім келді. Ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының: «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі дәл осы әріптесіме арналғандай. Жаңашыл ұстаз болмысын сомдар болсам, ол – үздіксіз ізденуші. Мұғалім шеберлігі қандай болмақ? Теорияны тәжірибемен ұштастыру. Міне, ұстаздың жаңашылдығы осында жатыр емес пе?! Бұған қол жеткізудің ұтымды жолдары қандай? Осы орайда ұстаздың ұстанымы – оқу үрдісін жаңарта отырып, оқушылардың қызығушылығын, арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, зерттеушілік іс-әрекетін жоспарлау, сонымен қатар олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.
Оңтайлы тәжірибе нәтижесінде мұғалім әдіс-тәсілді белгілі бір мақсатқа сай қолданудың тиімділігін түсінді. Бұл оқушылардың бәсекеге түсу, бір-біріне көмек беру және оқыту дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті. Биылғы оқу жылында сыныпта Lesson Study әдісі бойынша бақылау жүргізілді. Сыныптағы негізгі мәселе ескеріліп, үш деңгейлі А, В, С оқушылар анықталды: А деңгейі – Сабыр Айзере, В деңгейі – Давлат Асхат, С деңгейі – Ташкимбаева Айсел. Алдын ала жоспар құрылып, жұмыстар сол жоспарға сәйкес жүзеге асырылды. Алғашқы зерттеуде сабақтың жақсы жақтары ретінде топтың бірлесе жұмыс істеуі, ынтымақтастыққа бейімділігі және өзара бағалау дағдылары байқалды. Алайда сабақтың әлсіз тұстары да болды: А деңгейлі оқушының өзара көмек көрсетуге қиналуы, төмен деңгейлі сұрақтардан аса алмаулары, уақыттың тиімді пайдаланылмауы және кері байланысты толық бере алмауы.
Келесі циклде осы кемшіліктерге ерекше назар аударылып, сабақтарды жоспарлау және зерделеу жұмыстары жалғастырылды. Екінші айналым сабақтарында оқушылар жұптық жұмыс түрлеріне қызығушылықпен қатысып, бірлескен әрекеттерде өзара ақылдасу, пікір алмасу, талдау, сұрақ қою және шешім қабылдау дағдыларын көрсетті. Нәтижесінде А деңгейлі оқушы «көршілерін» оқытуға белсенділік танытса, В және С деңгейлі оқушылар арасында да өзара ақылдасу, пікір алмасу мен сұрақ қою үрдістері байқалды. Бұдан қандай ой түйдік? Алдағы уақытта өз тәжірибемізде осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін тәжірибемізді жетілдіруге бағыт-бағдар алдық.
Білікті ұстаз қалалық семинарда қазақ тілінен «Дара және күрделі сан есімдер» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, топтық, жұптық және өздік жұмыс түрлерінің тиімділігін көрсетіп, оңтайлы тәжірибесімен бөлісті. Ең алдымен, ұстаздың өзі терең ойлап, сыни тұрғыда пайымдай алатын, ойы жүйрік әрі қырағы болуы керек деп ойлаймын. Неге десеңіз, ұстаздың ой-өрісі терең болмаса, оқушы да биік деңгейге жете алмасы анық. Ойымды түйіндей келе, Ахмет Байтұрсынұлының: «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы», – деген сөзіне сүйене отырып, терең білімді, жаңашыл ұстаздар көбейсе, бұл білім саласына үлкен серпін берер еді деген ойдамын.
Роза ЖАРКИМБЕКОВА,
М.Дулатұлы атындағы
ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі,
Рудный қаласы
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».
Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.