Анаға құрмет – баршаға міндет

Выпуск - №19(616)   :   17.05.2024
1035

image

Бұл өмірде күллі адамзат үшін ең қасиетті жан, ең аяулы тұлға бар. Ол – бәрімізге жарық дүние сыйлаған әке мен ана. Табиғаттың өзі әке мен ананы бірін-бірі толықтырып тұру үшін бірін әділдіктің, бірін мейірімділіктің символы қылып жаратады емес пе?

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген екен дана бабаларымыз. Ұл мен қызды өсіріп тәрбиелеуде екеуінің де ықпалы зор десек те, бала үшін тоғыз ай құрсағында, өмір бойы құшағында аялайтын ананың мейріміне жететін не бар, сірә?! Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана махабатынан нәр алып өседі. Күннің нұрынан табиғат жаралса, адам бойындағы күллі асыл қасиет ананың ақ сүтімен дариды. Себебі, ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі мен ұйытқысы.
Анаға қатысты айтылан қанатты сөздер көп халқымызда. «Ат биеден, алып анадан туады» деген бар. Көрнекті жазушы Мұхтар Әуезов: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді», – деген екен. Иә, тіршіліктің бастауы бола білген ана қашанда тәрбиенің де қайнар бұлағы. Мейірімі бала үшін жұмақтың төріндей ананың аялы алақаны, кең пейілді көңілі, адал жүрегі перзентіне ауадан да артық болары сөзсіз. Мен бүгін ізгілігі мен адамгершілігін бала бойына сіңіре білген, ақылына парасаты, көркіне мінезі сай аяулы ана әрі ұстаз Гүлжазира Мирасбекқызы жайлы сөз қозғамақпын. Атына заты сай, қазақтың жазира даласындай кең пейілі, сабырлылық пен гүлдей әдемі сұлу мінезді бойына тоғыстыра білген Гүлжазира – оқушым Ажар Буланқызының анасы.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, шәкіртінің жанын түсініп, білім мен тәрбиені қатар беріп жүрген Гүлжазира – теориялық білімі терең, білікті тарихшы ретінде көпке танылып, бұл күнде әріптестеріне үлгі, ұжымдастарына сыйлы маман. Өмірдің заңы бойынша тұрмыс құрып, үлкен әулеттің келіні болды. Ұстаздық жолы мен үйдегі бала тәрбиесін, сан алуан үй тірлігін қатар атқарған ана үнемі ақыл-кеңесін айтып, балаларына барынша мейірімді бола білді. Абай Құнанбайұлының: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол», – деген өсиетін перзенттерінің бойына сіңіре білді. Ұл-қыздарына өнегелі тәрбие беріп, жасынан өнерге, жақсыға баулыды. Баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, арлы, намысты болып өсуіне қолынан келгенін аямады.
Шәкіртім жайлы айтар болсам, 9-сынып оқушысы Ажар Буланқызы – болмысынан өте зерек, алғыр бала. Қоғамдық жұмыстар мен мектепшілік іс-шараларға белсене араласып, көпке үлгі болып жүр. Мектепішілік, аудандық, облыстық пәндік олимпиадаларға, ғылыми жобаларға қатысып, талай мәрте бақ сынады. Зергектігінің және тынымсыз ізденісінің арқасында «Абай», «Жамбыл» және биылғы «Ауыл» олимпиадасының жүлдегері атанды. Ажардың сабырлы мінезі, байыптылығы мен салмақтылығы, қандай істі болса да тиянақты, ыждаһаттылықпен орындауы анасының тектілігімен келген өнеге екендігі сөзсіз байқалады. Ажардың әрбір жетістіктері мен бағындырған белестері аяулы анасы Гүлжазира Мирасбекқызынан алған тәлімі зор тәрбиесінің арқасы. Болашағынан зор үміт күттіретін шәкіртімнің бағындырар шыңы биік болып, анасының жолын қуып, діттеген арман-мақсаттары орындаларына көзім жетеді.

Фарида МЫРЗАГАЛИЕВА,
Жамбыл ЖББ мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!

Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.