Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
01/11/26 Воскресенье

Ананың үлгісі – балаға өмір мектебі

Выпуск - №19(616)   :   17.05.2024
903

image

Әрбір адам өмірінің бастауы – анадан. Түн ұйқысын төрт бөліп, бар махаббатын баласына беретін, «баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін» дейтін үш-ақ әріптен тұратын «Ана» – ұлы есім.

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін қасиетті адам. Жүрегінің кеңдігінде өлшем жоқ, өз баласына ғана емес, әлемнің баласына да орын табылатын құдіретті тұлға. «Жұмақтың кілті аналардың табанының астында» деп Қазақ атамыз бекер айтпаса керек-ті. Сондай аналық пейіл мен тәлімді тәрбие иесі, сөзіме арқау еткелі отырған кейіпкерім, мен сабақ беретін 11- сынып оқушысы Төлеухан Жанайымның анасы Мырзагалиева Фарида Шамбылқызы жайлы болмақ.
Мен мақаламның басында оқушым Жанайым туралы айтқым келіп отыр, себебі оның бойындағы жақсы мінезі, салмақты сөйлеуі, байыппен ойлауы, берілген тапсырмаларды тиянақты орындауы анасы Фарида Шамбылқызының тәрбиесінен алғандығы байқалады. Мектепте оқу озаты, түрлі олимпиадалардың жеңімпазы. Барлығын тізіп жатпай-ақ, жақында 10-11- сыныптар арасында математика пәні бойынша өткен облыстық «Алтын түлек» олимпиадасында 3- орын иегері атанды. Мақтаншақтық, өзімшілдік, тіпті, ашулану, күйіп- пісу деген мінез Жанайым үшін жат құбылыс. Тіпті жүріс- тұрысынан-ақ анасының сыпайылығы мен қарапайымдылығын аңғарамын.
Анасы Фарида Шамбылқызымен бір мектепте әріптеспіз. Ол қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ісіне мығым, жұмысына адал, жоғары санатты маман иесі. Қазақта «Игі істің басына- жақсы келер қасыңа» деген қанатты сөзі бар. Мектепте өткізіліп жүрген қаншама игі істердің басында Фарида Шамбылқызы жүреді. Көпшіліктің, әріптестер мен ата- аналардың құрмет-қошеметіне ие болып жүрген жандардың бірі. Оқушыларына біліммен бірге, аналық ақылын да, қолынан келгенінше тәрбиесін де бойына сіңдіре біледі.
Сондай-ақ бір отбасының ұйытқысы Фарида Шамбылқызы ұл мен қыз өсіріп отырған көпбалалы ардақты ана. «Әке көрген – оқ жонар, Ана көрген – тон пішер» деп халық айтқандай, кішіпейілділік қасиетін ұстана, үлкенге ілтипатпен қарай білетін, аналық мейірін өз балаларымен бірге шәкірттеріне де бірдей бере білген оқушымның анасы Фарида Шамбылқызынан өзге аналардың алар тәлімі зор деп білемін. Бұл да оқушым Жанайым үшін тәрбиенің үлкен мектебі десе де болады.


Жазира АХМЕТОВА,
Жамбыл ЖББМ математика пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.