Тәрбиеші мамандығын жүрек қалауымен таңдаған, балаларға риясыз мейірімін арнап, ісіне үлкен сүйіспеншілікпен әрі жауапкершілікпен қарай білетін адамдар бар арамызда. Сондай жанның бірі – Самал Кайралапова.
Тәрбиеші – балаға білім мен тәрбие ғана емес, дұрыс бағыт-бағдар көрсететін, мейірімді әрі жанашыр жан. Баланың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, күн тәртібін тиімді ұйымдастыру, дамытушы ортаны қалыптастыру – оның күн сайынғы басты міндеттерінің бірі. Жауапкершілік пен шыдамдықты, кәсіби шеберлік пен ізденімпаздықты бойында ұштастыра білген кейіпкеріміз баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жүргізеді. Бүлдіршіндердің қызығушылығы мен қабілетіне сай тапсырмалар беріп, олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Самал Нуралиновна әрдайым ізденіс үстінде. Жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, инновациялық технологияларды, ойын арқылы оқыту жолдарын және шығармашылық тапсырмаларды тиімді қолданады. Бұл балалардың қызығушылығын арттырып, белсенділігін дамытуға ықпал етеді. «Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қабілеттерін ойын арқылы дамыту» атты әдістемелік тақырыбы аясында нәтижелі жұмыс жүргізіп келеді. Мысалы, биыл «Математика әлеміне саяхат» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеті жоғары деңгейде өтті. Балалар бұл сабаққа үлкен қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты.
Кейіпкерім тәлімгерлік қызметті де абыроймен атқарып жүр. Ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, өзара ынтымақтастық негізінде жұмыс жүргізеді. Ұжым арасында сыйлы, ата-аналар арасында құрметке ие. Сабырлы әрі салмақты мінезінің арқасында кез келген жағдайда кәсіби тұрғыда дұрыс шешім қабылдай алады. Осылайша мейірім мен шығармашылықты ұштастыра білген Самал Нуралиновнаның еңбегі білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеуге сүбелі үлес қосып келеді.
Сайра МОЛДАГАЛИЕВА,
«Ақбота» б/б әдіскері,
Тобыл қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.