Өңіріміздегі білім мен ғылымының қара шаңырағы – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетін қызыл дипломмен тәмамдаған Диана Асқарқызы Азимханның еңбек жолы нағыз жаңашылдық пен ізденістің үлгісі.
Түркістан облысы, Түлкібас ауданының Ақсу-Жабағылы ауылында туып-өскен жас маман небәрі 21 жасында ұстаздық киелі жолға қадам басып, 2025-2026 оқу жылын үлкен жеңістермен бастады. Диана Асқарқызы – тек қазақ тілі мен әдебиетінің маманы ғана емес, ол – дебат өнерін меңгерген шешен, жасанды интеллектті білім беруге енгізіп жүрген заманауи реформатор.
Шәкірт жетістігі – ұстаз мерейі
Ұстаздың еңбегі шәкірттерінің жетістігімен өлшенетіні белгілі. Диана Асқарқызы бір жылдың ішінде 30-ға жуық оқушысын аудандық, облыстық деңгейдегі додаларға дайындап шығарды. Оқу жылының бірінші тоқсанында мектепішілік пәндер олимпиадасы бойынша Шахназ Жорабек пен Іңкәр Рахат 1-орынға, Саян Мәлік, Құндыз Ислямова және Амин Перизат 2-орынға, сонымен қоса Ясмин Оңдасынқызы 3-орынға ие болды. «Махамбет оқулары» байқауында Салтанат Нұрсейіт 3-орынды иеленсе, Бекзада Мақсұтхан «Зерде» ғылыми жобалар байқауында 3-орынға табан тіреді. Ұстаздың өзі «Дарынды балаға – талантты ұстаз» байқауынан 1-орынды қанжығасына байлады.
Екінші тоқсанның нәтижесінде «Бейімбет оқулары» байқауында Бекзада Мақсұтхан 1-орынды, ал Саян Мәлік 2-орынды иеленді. Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде екі оқушысы топ жарып, Іңкәр Рахат 2-тұғырға, ал Шахназ Жорабек 3-тұғырға тұрақтады. Лингвистикалық олимпиадада Іңкәр Рахат пен Жансая Нағашыбай 3-орындарды еншіледі. Ерекше атап өтерлігі –Ернұр Анкей мен Айгерім Ахмет аудандық пікірсайыс турнирінде 1-орынды иеленіп, мектептің абыройын асқақтатты. Диана Асқарқызының өзі «Дарынды балаға – талантты ұстаз» байқауының облыстық кезеңінен 2-орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. «Бейімбет оқулары» байқауына оқушысын сапалы дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапаталды.
Үшінші тоқсанның аясында «ProEco» экологиялық жобасында Ұлпан Игілікқызы мен Айару Бирмаганбетова 2-орын алса, «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауында Жансая Нағашыбай мен Салтанат Нұрсейіт 1-орынды алып, біліктіліктерін дәлелдеп, облысқа жолдама алды. «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауы бойынша Назым Сүлеймен 3-орынға, Іңкәр Рахат 2-орынға, Бекзада Мақсұтхан 3-орынға ие болды. Ал «Жарқын болашақ» олимпиадасында «Білгірлер» номинациясы бойынша Бекзада Мақсұтхан, Ұлпан Игілікқызы, сондай-ақ Мерейім Қуантай 3-орынды иеленсе, «Бейнелеушілер» номинациясы бойынша Айдана Байғабыл 3-орынға ие болды. «Әбіш Кекілбаев оқуларында» да «Әбіш Кекілбаев шығармалары бойынша ақындар мүшайлары» деген номинация бойынша оқушысы Алинұр Дауирбек 3-орынды қанжығасына байлады.
Талантты ұстаздың тұлғасы
Диана Асқарқызының өзі де кәсіби тұрғыдан тоқтаусыз дамып келеді. Айтқандай, «Дарынды балаға – талантты ұстаз» байқауының республикалық кезеңіне дейін жетіп, арнайы мадақтамамен марапатталды және облыстық кезеңінде 2-орынды иеленді. Ал «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» байқауы бойынша аудандық кезеңнің 2-орын иегері атанды. Аудандық семинарда да жас болса да тәжірибесімен бөліскен болатын. «Заманауи педагогикалық тәжірибе, ізденіс, нәтиже, бөлісу» атты аудандық семинарда іс-тәжірибе таратқаны үшін марапатталды. Оның бойындағы пысықтық, жан-жақтылық және жаңа технологияларды меңгеруге деген құштарлығы оны білім беру саласындағы жас көшбасшыға айналдырды. Сондықтан ол – тек пән мұғалімі емес, ұлттық құндылықтар мен заманауи цифрлық мүмкіндіктерді ұштастыра білген, шәкірттерін болашаққа сеніммен жетелейтін зиялы маман. Оның алғашқы еңбек жылындағы бұл жетістіктер – үлкен белестердің бастамасы ғана деп білеміз.
Назерке АЛТАЙ,
№2 Тобыл жалпы
білім беретін мектеп
директорының оқу-тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары,
Б.Майлин ауданы
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.