Білікті басшы, ұлағатты педагог

Выпуск - №18(515)   :   07.05.2022
479

Ертеңгі ел тізгін ұстар, білімді де білікті азамат тәрбиелеу ісі –  ұстаздарға жүктелген аса маңызды әрі жауапты міндет. Осы міндеттің үдесінен табылып, жаңа заманның ауыр жүгін қайыспай көтере білген ұстаз, Чапаев негізгі орта мектебінің басшысы Гульбану Казбекова – ісіне шынайы берілген жан.

Гульбану Мутталовна үнемі ізденіске толы өмір жолында қарапайым мұғалімдіктен жаңа тұрпатты мектеп басшысына дейінгі өнегелі баспалдақтардан өтті.


Мектептен соң Арқалық қаласындағы педагогикалық институтқа түсті. Оны тәмәмдай салысмен ұстаздық қызметке кірісті. Көп кешікпей тұрмыс құрды. 1993 жылы отбасымен бірге Қонай ауылына қоныс аударып, сол ауылдағы Чапаев негізгі мектебінде мұғалімдік қызметін жалғастырды. Абыройлы қызметі бағаланып, кейіннен мектеп директоры қызметіне тағайындалды. Мұнда да басшылық келбетімен көрінді. Алдына таудай мақсат қойып, соған ұмтылған жан еліміздегі тәуелсіздікпен бірге келген білім жүйесіндегі реформаларға да ат салысты.

Білім ордасында басшылық еткеннен бері мектебімізден 250-ден астам шәкірт түлеп ұшты. Мектеп түлектері арасында білікті кәсіпкерлер мен тіпті, бүгінде өзімен қатар ұстаздық қызмет атқарып жүрген түлектері де бар. Жыл сайын түлектері колледждердің бюджеттік бөліміне оқуға түсуде. Санамалай берсе жеткен жетістік, алған асу аз емес. Мұның бәрі мектеп директоры Гульбану Мутталовнаның тынымсыз әрі өлшеусіз еңбегінің жемісі, сондай-ақ ізденіске толы басшылықтың және сол бастамаларға бір кісідей кірісетін ұйымшыл ұжым тірлігінің жеңісі десек ләзім.

Г.Казбекова оқушылармен жұмыс істеудің мақсаты мен мазмұнын шебер меңгерген. Ол әркез мектеп түлектерімен байланысты үзбей, оларды қолдап, алған асуларына, шыққан биігіне мақтанып отырады. Бұл да ұстаз бақыты емес пе?! «Ұстаз бақыты – оның озып туған шәкірті. Мектебіміздегі ұстаздардың көбі өзіміздің түлектеріміз. Олар әркез оқушыларға білікті де саналы білім беруде. Бұлар мақтанышымыз, оларды бөле-жара айтуға болмас. Сондықтан олар менің ғана емес, барша ұстаздардың бақыты», – дейді өз сөзінде.

Жолдасы екеуі 2 ұл тәрбиелеп өсірді. Олардың екеуі де жоғары білімді мамандар, әр салада жемісті еңбек етуде. Ұлдары Дастан мен Еркебұланнан 6 немере сүйіп отыр. Бұл да ана бақыты, отбасы шаттығы екені ақиқат. Білікті басшы, ұлағатты ұстаз ел болашағын тәрбиелеуде тынымсыз күндер мен түндерді артқа тастап, абырой биігінде келеді. Оның жеткен жетістігі, шыққан асуынан гөрі әлі қоғамға берері мол. Бұған шүбәсіз сенеміз.

Оқу жылы табыспенен өтсе деп,
Жетістіктер алдан үздік жетсе деп.
Жиналысты басқаратын директор,
Ұстаз үшін оның аты – педсовет.

Жиналып ұстаз, келсе уақыт ыңғайға,
Демейді, рас, жапқыш қайда, гүл қайда.
Басталсын ба, деп сұрайтын, педсовет,
Басталмасын дейтін кім бар мұндайда.

Әй, сонан соң жайып тастап қанатын,
Ұстаздарын қадап-қадап алатын.
Кемшіліктер неге ілесіп жүр әлі,
Неге жұмыс болмай жатыр болатын?!

Тәртіп керек, жарат, мейлі, жаратпа,
Неге оқушы қатыспай жүр сабаққа.
Ата-анадан сұрадың ба сол жайлы,
Соны бүгін шеш, ертеңге қаратпа.

Сендіріп айт, сөздеріңе сенбесе,
Көндіріп айт, айтқаныңа көнбесе.
Болмаса ертең шақырып кел өзіме,
Өздеріңнің әлің егер келмесе.

Дейді ұжымға: болмайды одан бағаң кем,
Өмір деген өту емес алаңмен.
Жұмыс істей білу керек әрқашан,
Тіл табыса білу керек адаммен.

Сызылса да жетістіктер сызығы,
Дей алмаймыз бар мектептен біз ұлы.
Деген сәтте тым-тырыс боп ұжымы,
Тек шыбынның естілетін ызыңы.

Мектебі үшін шәкірті үлкен үміт-ті,
Осы жолда ұстаз соған бірікті.
Сол ұстаздың, міне, бүгін басшысы
60-тың асқарына шығыпты.

Өткен істе жетістіктер бар екен,
«Үздік» деген соған берген баға екен.
Казбекова десе оны ресми,
Болған талай сыйласқанға «Гүлекең».

Шәкірттердің білім жол ғой арманы,
Ал білімнің көп білгенге салмағы.
Әр ұстазды десе егер жауынгер,
Әр директор онда оның сардары.

Әр шәкірттің болса өмірде талабы,
Мектеп соның ең алғашқы қадамы.
60-тың дәл бүгінгі тойы да
Мектебінің тойы да екен бағалы.

Ұшырып сап талай ұл мен қызыңды,
22 жыл басқарыпты ұжымды.
60-тың асқарына шығыпты,
Артқа тастап сонша көктем, күзіңді.

Өтсін деп той шаттықты әнге бөлете,
Дейді ұжымы келсін бақ пен береке.
Дейді тағы: «60-тағы тойыңыз
Жалғастығын таба берсін, Гүлеке!».


Чапаев негізгі орта
мектебінің ұжымы,
Қостанай қаласы

Реклама

Я никогда не учу своих учеников, я пытаюсь только обеспечить условия, в которых они смогут учиться. Учителю необходимо узнать об интересах ученика, увидеть в нём потенциал и бросить все силы на его развитие. Причём сделать это так, чтобы ребёнок хотел учиться и мог это делать. 

"К педагогическому делу надо призывать, как к делу морскому, медицинскому или тому подобным, не тех, которые стремятся только обеспечить свою жизнь, а тех, которые чувствуют к этому делу и к науке сознательное призвание и предчувствуют в нём своё удовлетворение, понимая общую народную надобность".