Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
01/11/26 Воскресенье

Білім беру ісінің құрметті қызметкері

Выпуск - №34(631)   :   30.08.2024
805

8-1

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі ЗЕЛЕНОВ Борис Александрович білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан берілген марапат иесінің педагогикалық еңбек өтілі 30 жылдан асып барады. Борис Александрович «Үздік педагог-2023», «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауларының жеңімпазы, Қостанай облысындағы Яндекс-лицейдің үйлестірушісі және жаттықтырушысы. «Педагоги не могут успешно кого-то учить, если в это же время усердно не учатся сами», – деген Али Апшеронидің сөзін өзінің педагогикалық ұстанымына айналдырған ұстаз әрдайым жаңаны танып-білуден жалыққан емес. Бұны соңғы жылдардың өзінде өткен біліктілік арттыру курстары мен семинарлардың үлкен тізімінен анық аңғаруға болады.
– Әріптестерімен тәжірибе және идея алмасу әрқашан менің педагогикалық мүмкіндіктерімді кеңейтеді. Бірлескен жобалар мен талқылаулар жұмысымызға басқа қырынан қарауға және жаңа әдіс-тәсілдерді тауып, оны жұмыста қолдануға мүмкіндік береді, – дейді информатика пәнінің мұғалімі. – Терең пәндік білім тек мұғалім мектептің бағдарламалық материалының шекарасынан асып кеткенде ғана мүмкін болады, ал педагогикалық қызметте бұл өз пәнінің нағыз шебері болуға мүмкіндік береді.
Рас, педагогикалық қызмет пен информатика пәніне деген құштарлық арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұру оңай емес. Оның үстіне информатика саласы қарқынды дамып келеді және пән мұғалімі үшін заманның көшінен қалмай, ілесіп отыру маңызды. Борис Александровичтің айтуынша, бұл жолда конференцияларға қатысу, әдебиеттерді оқу, жаңа бағдарламалау тілдерін меңгеру – білімді жетілдіріп қана қоймай, жұмысқа деген қызығушылықты да сақтап тұруға ықпал етеді.
Қиындығы мен қызығы қатар жүретін жолда жасап жатқан ісіңіздің астарынан қандай да бір мағына не тірек таппасаңыз, жұмыста күйіп кету оңай. Оқушыларын олимпиадаларға дайындап қана қоймай, өзі де түрлі байқауларда бақ сынап, жетістікке жетіп жүрген ұстаздан сүйікті ісіне деген құштарлығын жоғалтып алмауының сырын сұрағанымызда, былай деп жауап қайтарды:
– Оқушылардың қолдауы мен жетістігі – менің шексіз мотивациям. Олардың жеткен биігінде үлесіміздің бар екенін түсіну – бізге әрі қарай білімімізді жетілдіріп, өзімізді дамыта түсуге итермелейді. Мектепті тәмамдап, IT мамандықтарын таңдап, әлемнің беделді университеттеріне түсетін оқушылар үлкен мақтаныш сезімін тудырады. Өз басым жасап жатқан жұмысымның еш кетпегенін, бұл әлемде маңызы бар екенін түсінуден үлкен күш-қуат аламын. «Табыстың құпиясы неде?» десеңіз, мен үшін ол – үнемі даму, өзіңнің ісіңе деген сүйіспеншілік және жұмысыңның нәтижелерін оқушылар мен әріптестердің жетістіктерінен көру.

Әсел ҚИБАШ,
Жамал ШАУКЕН

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.