Қазақ халқында ер-азаматтың рухы мен күш-қуаты, елдің амандығы мен тәуелсіздігі үшін алдыңғы шепте тұрған батырлардың рөлі ерекше бағаланады. «Ер қуаты – қару болса, ел – қуаты батырлары» деген атам қазақтың сөзінде терең мән жатыр. Бұл сөздер ерліктің және батырлықтың елдің күш-қуатын сақтаудағы маңызды орнын айқындайды.
Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы мынадай өсиет қалдырған: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы – тұл, келешегі тұрлаусыз. Біз-дің қазақ халқы – батыр халық».
Қазақтың тарихи батырларының есімдері халық жадында мәңгі сақталады. Бұхар жырау, Қарасай мен Ағынтай, Бөгенбай, Наурызбай, Төле би, Қабанбай батырлар сияқты тарихи тұлғалар ел қорғауда ерекше орын алады. Олардың ерліктері тек соғыс алаңдарында ғана емес, халық арасында ынтымақты сақтап, елді бір ту астына топтастыра білуде де көрініс тапқан. Әр батыр өз халқының мақтанышы әрі оны алға бастар ұлы күш болды.
Оқу-тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс-шараларда ұлттық салт-дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді жас ұрпақ бойында қалыптастыру жүзеге асырылады. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол ел болашағының негізін қалайтын ұрпақ тәрбиелеумен тығыз байланысты. Мектеп оқушыларының бойында осы аталған асыл қасиеттерді дамыту мақсатында жыл сайын 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай арнайы іс-шаралар өтеді. Бүгінгі мақаламда, жылдағы дәстүрге сай, ардагер ағаларымыздың құрметіне мектебімізде өтетін тағылымды іс-шараларға тоқталмақпын.
Ауған соғысы 1979 жылы желтоқсанның 25-інде басталып, 1989 жылы ақпанның 15-інде аяқталды. Осылайша, 9 жыл 10 айға созылған соғыс, мыңдаған адамның өмірін өзгертіп, қаншама қайғы-қасірет әкелгені сөзсіз. Дәл осы 1989 жылы Кеңес әскерінің ақырғы легі Ауған елінен біржолата шығарылды. Менің білетінім, соғыс деген – зұлымдық, жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы екендігін білеміз...
Бұл күндері ерліктің даңқын асқақтатып, өздерінің азаматтық түр-тұлғасын танытып жүрген ардагер ағаларымызды жас ұрпаққа үлгі ету ммақсатында алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Серік Біржанов 9–11-сынып ұлдарымен «Біз – болашақ сарбаз!» әскери-патриоттық сайысын өткізді. Дәстүрлі іс-шараға мектеп оқушыларымен қатар арнайы қонақтар да шақырылды. Сайысқа қатысқан «Барыс», «Арлан», «Арыстан» тобының ұландары «Кім жылдам», «Әскери атақтарды белгілеу», «Газ тұмылдырығын уақытқа кию», «Кедергілер жолағы», «Қол күрес», «Пневматикалық қарудан ату және «Тартыс сайыс» кезеңдері бойынша бақ сынады.
Іс-шара барысында өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жауқазын жастық шағының үлесін оқ пен оттың астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге оралмай қалған қаһарман жерлестерімізді еске үшін бір минуттық үнсіздік орнады. Батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлестеріміз Мерзляков Сергей Анатолиевич, Ушаков Николай Барисович, Жарбосов Жақсылық Бибосұлы, Ерішев Ғалымжан Әубәкірұлы іс-шараға арнайы қатысты. Кешіміздің құрметті қонақтарына сөз беріліп, олар өздерімен осы соғысқа қатысқандарды еске алады. Өскелең ұрпақ батырларымызға көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала білді. Ал, дарынды ұл-қыздарымыз ән мен күйден шашу шашты.
Осы іс-шараларымыздың басы-қасында жүріп, ұйытқы болып, бүгінгі күнге жетіп отырған батыр ағаларымыздың бірі – Ерішев Ғалымжан Әубәкірұлы. Елуді еңсерген, ұл-қыз тәрбиелеп отырған ұлағатты әке, мектебіміздің басшысы, Әулиекөл ауданының ауған соғысы ардагерлер клубының төрағасы. Осы кісінің мұрындық болуымен №2 Аманқарағай ЖББМ жыл сайын ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізіледі. Биыл да дәстүрлі жиын жарасымды жалғасын таппақ. Әулиекөл ауданы бойынша ардагерлеріміздің ерлігі бағаланып, былтыр Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған аудандық іс-шарада өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге және саламатты өмір салтын насихаттауға қосқан елеулі үлесі үшін, облыс әкімі мен аудан әкімі Құрмет грамотасы мен арнайы медальмен марапаттаған болатын.
Бұл күндері ерліктің даңқын асқақтатып, өздерінің азаматтық түр-тұлғасын танытып жүрген ардагер ағаларымыз қашанда, қай кезде де мадақ пен марапатқа лайық жандар екені анық. «Ер қуаты – қару болса, ел қуаты – батырлары» деген сөз қазақ батырларының ел өміріндегі мәнін және олардың тарихтағы рөлін ашып көрсетеді. Тағылымды білім ордамызда биылғы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығына орай арнайы іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Жыл өткен сайын батырларымыздың қатары азайып бара жатқаны рас... Батырлардың ерлігі мен төзімділігі халықтың рухын көтеріп, оның бірлігін сақтауға ықпал етті. Тарих оны ешқашан ұмытпайды.
Айнұр АБИЛЬЖАНОВА,
№2 Аманқарағай ЖББМ
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Әулиекөл ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.