«Қалың мал» шығармасының рухани құндылығы

Выпуск - №44(592)   :   01.12.2023
1521

Қай халықты алып қарасаңыз да, оның даму тарихында жұлдыздай жарқырап тұратын, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын тұлғалар болады. Өзінің азаматтық ғұмырын халқының дамуына арнаған тұлғаның бірі – жазушы, педагог Спандияр Көбеев.

Спандияр Көбеев қазақ әдебиетінің аренасына орыс революциясының даңқы бүкіл Азияға тарап, Ресей халықтарының арасында ұлт-азаттық қозғалыс өрістеп келе жатқанда келген еді. Сол кездегі кейбір қазақ жазушыларынан оның бір ерекшелігі – өмір жолында идеялық шатасуларды да, ұлттық ауытқуларды да білген жоқ. Ол өзі қалаған жолмен, халқымен бірге жүрген. Негізгі шығармасы – «Қалың мал» – революцияға дейін жазылған. Сондықтан біз Көбеевті ХХ ғасырдың басындағы қазақтың демократиялық әдебиетінің өкілі деп санауға толық хақымыз бар.

Қазақ әдебиетінің тарихында жазушының «Қалың малының» орны ерекше. Өйткені, ол – тұңғыш қазақ романы. Спандияр Көбеев бұл романы туралы өз жазбасында: «Надандыққа, феодалдыққа ескішіл, өрескел сорақы салтқа қарсы күрес жүргізудің бірден-бір жолы халықты ағарту, балаларды оқыту, халықты сауаттандыру деп, оны мәдениет сатысына аяқ бастыру деп ұғушылардың бірі мен едім. Бірақ сегіз-тоғыз жыл оқытушы болғаннан кейін феодалдық салтпен күресу үшін тек бір ғана балаларды оқыту жеткіліксіз екеніне әбден көзім жетті. Бұл күресте санаға күштірек әсер ететін басқа да құралдар керек сияқты көрінеді. Іздене келе, мен осы мақсатқа жету жолында ағартушыға ыңғайлы күрес құралының бірі – көркем әдебиет екен деген ой түйдім. Мен осы ойымды жүзеге асыру мақсатымен 1911 жылдан бастап «Қалың мал» романын жазуға кірістім», – деп жазады.

Автор осы шығармасында әр кейіпкерге әртүрлі мінездеме беріп, қоғам шындығын, онда өмір сүретін адамдардың кейпін қаз-қалпында беріп отырады. Романға түпқазық болған тақырып – қыз үшін қалың мал алудың адамшылыққа жат жексұрын құбылыс екеніне халықтың көзін жеткізу. Романды оқу барысында, көз алдымыздан революцияға дейінгі ауылдың көріністері тізбектеліп өтіп жатады. Туындыда алпысқа келгенде әйелі өлген Тұрлығұл есімді қарияның Ғайша деген он бес жасар қызды алмақшы болғандығы суреттеледі. Сондай-ақ, қыздың әкесі Итбай молдаға керегі – тек қызына берілетін қалың мал ғана екендігі де романда көрініс табады.

Демократ Көбеевтің көзқарасы бойынша, қалың мал – әйелдің адамшылық сезімін қорлайтын жексұрын құбылыс. Сондықтан романның сюжеттік желісі бір-біріне тең жастардың бас қосуы мен шынайы сүйіспеншілігін қадірлеуге құрылған. Романда бұл: «Ғайшаның әнін тыңдағандардың бәрі мұңлы ойға батты, кейбір әйелдер жылап та алды. Олар бұл әдет-ғұрыптың айуандығын өз басынан кешірген, әке-шешесі қалың малға сатқан мұңлықтар еді. Олар өздерінің өксіген жастық шағы мен сүймей қосылған байларымен өткізген күндерін жоқтап отыр», – атты жолдар арқылы беріледі.

Романның қаһармандарын қалың малға көзқарасына қарай екі топқа бөлуге болады. Бір топқа болыс Тұрлығұл мен оның пікірлес сыбайластары Итбай, Амантай, Қарағұл, Байғазы, Құрымбай, Шалқан жатады. Олардың бәрі – патриархалдық-рулық ескіліктің көздері, кәнігі кертартпалар. Оларға қарама-қарсы позицияда тұрғандар – Қожас, Ғайша, Балкүміс, Жүніс, Серғазы, Әлкен, Бірке. Осы екі топтың бітіспес күресі романның мазмұнын құрайды. Сүйіспеншілік тартыс та осы күреске бағындырылған. Мұнда жазушы жастарды сарсаңға салған трагедияның себебін қалың мал сияқты барып тұрған кертартпа қырсықтан іздейді, соның себебін ашуға тырысады.

Өз басының бостандығы үшін күресе білген Ғайша арқылы сол замандағы қазақ қыздарының мұң-зарын көтереді. Сонымен қатар, замана заңғары онда қазақ қыздары мен жігіттерінің революцияға дейінгі өз құқықтары үшін қалай күрескенін көрсете білген. Міне, Спандияр Көбеев шығармаларының танымдық мәні осында. Айта кететін бір жайт, бұл туынды қазақ әдебиетінде прозаның одан әрі өріс алуында зор рөл атқарған. Жазушының қай шығармасын алып қарасаңыз да, онда қазақ әйелінің қоғамдағы орны, ауыл кедейлерінің көріп жүрген қорлығы, патриархалдық тұрмысты әшкерелейтін көріністер қамтылады. Демек оның туындылары қара халықты қанап, қорлық құрсауымен қысып келген патриархалдық-феодалдық құрылысқа, оның кертартпа әдет-ғұрыптарына қарсы атылған оқ, жасалған айбат.

Бахыткул ШЕГЕНОВА,
Абай атындағы ЖББМ
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.