Қуанышбай Құрманғали – әдеби еңбектері, публицистикалық мақалалары арқылы ақын, аудармашы және сыншы ретінде республика жұртшылығына есімі ежелден белгілі қаламгер. Ағамыз жайындағы азды-кем ақпаратпен газет оқырмандарын таныстырып, облыс жұртшылығына насихатайын деген оймен қолыма қалам алдым.
«Інімсің әрі дара, әрі дана. Қазақтың бәріне дос, Қуанышбай!», – деп жазған ақын Тұманбай Молдағалиев. Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Қуанышбай ағамыз 2014 жылы «Құрмет» орденіне, 2016 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығына ие болған. Ал 2002 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері» белгісімен марапатталған.
Мақаланы жазуға тағы себеп араларына жыл салып өмірден бірге қош айтысқан Қуанышбай ағамыздың досы, белгілі ақын-сатирик Ғұмар Ахметчин ағамыз. Бала күндерінен құлын-тайдай тебісіп бірге өсіп, достық қарым-қатынастары берік болып сырлас-мұндас болған жандар екен. Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музей қабырғасында жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығы мен өмірі жайында кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Сондай әдеби-шығармашылық кездесулерде Ғұмар ағамыз, ақын-қаламгер досы Қуанышбай Құрманғали ағамызды жиі еске алып: «Алматыда менің оқушы күнен бергі досым Қуанышбай Құрманғали деген ақын ағаларын бар», – деп оның қызметі, шығармашылығы жайында ерекше көңіл күймен, мақтан тұтып айтып отыратын. Ғұмар ағай өлең жазуды қалай бастағаны туралы бір әңгімесінде: «Қуанышбай 8-сыныпта оқып жүргенде шатпақтап жазған өлеңдерін мектептің қабырға газетіне шығарып жүретін. Содан мен де қолыма қалам өлең жаздым, оқысам ұйқасы бар, одан шамалы оқитын, тәртібі қисықтау оқушыларды түзету үшін әзілдеп жазуды шығардым әжептәуір жақсы көрінеді өзіме, солай менде бастап кеттім», – деп айтқаны есімде.
Қуанышбай сынды ақын-жерлесіміздің есімі Ғұмар ағайымыздың айтуымен құлаққа сіңіп, есте қалып қойды. Осы оймен қаламгер-ақын Қуанышбай Құрманғали жайында біліп, шығармашылығымен танысамын деп жүргенімде Қуанышбай Серікбайұлының қызы Аймен әкесінің туған жері Әулиекөлге келіп, әкесінің қайтыс болғанына бір жылдық асын беріп, Алматыға қайтып кетіп бара жатып Ыбырай шаңырағына соқты. Жазушының «Таланттан Тағылым» кітабын маған сыйға берді. Кейін хабарласып Қуанышбай Құрманғали ағамыздың кітап болып шыққан шығармаларын, қолжазбалары мен біршама қолданған жеке заттарын музей қорына жәдігер ретінде сыйға келуіне дәнекер болдым.
Ақын, публицист, сыншы жерлесіміздің өткен өмір жолы мен қызметін өскелең ұрпаққа таныстыруды міндетім деп санадым. Ағамыз жайлы естеліктерді оқи отырып айналасындағы барлық жанды жақсы көріп, бөліп жарып қарамай, қолынан келген көмегін аямай жақсылық көп жасаған. «Ер сыншысы – ел» демекші, ел-жұрты, ағайын-туғаны, әріптестері, ғалымдар ағамыздың, халқына деген зор махабатын, отан сүйгіштік қасиетін, ар алдында тазалығын, ел дегенде ерекше елгезек азамат болғаның айтады. Қаламгер ағамыз біздің елдің тумасы. Қуанышбай Серікбайұлы 1942 жылы 1 маусым күні Қостанай облысының Әулиекөл (Бұрың Семиозерное) ауылында дүниеге келген. Әкесі Ұлы Отан соғысына қатысып, майданда қаза тапқан. Сөйтіп ол әкесінің інісі, соғыстан жаралы болып оралған ағасы Қонысбайдың қолында тәрбиеленген.
Қуанышбай ағамыз 1959 жылдың жазы Алматыға келіп, өзі армандаған журналистика факультетіне түспек болады, бірақ сол жылы журналистика факультетіне екі жыл еңбек өтілі барлар ғана қабылданады деген ереже шығып, оқуға түсе алмайды. Қалайда қалада қалуға бекінген ол «Қарғалы кооперативтік техникумына» түседі. Өзі қаламаған оқуына көңілі толмай 1960 жылы «Лениншіл жас» газетіне хат тіркеуші жұмысына орналасқан ағамыз редакцияның қайнаған тірлігіне, газет жұмысының қауырт қарбаласына мидай араласып кетеді. Ағамызға редакция үлкен тәрбие ортасы болды. Тыңымсыз еңбектің ортасында өсіп өнеді. Бір жылдан кейін кіші әдеби қызметкер етіп тағайындайды. Қуанышбай сол тұстағы атақты журналистер Әбдісаттар Бөлдекбаев, Рахметолла Ыдырысов, Әбілфайыз Ыдыросов, Тельман Жанұзақов сынды азаматтармен бір үйдің баласындай қатар жүріпді. Алдыңғылардың жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп, адамдық мектебіннен шындалып шықты. Өзі әрқашан күлімдеп жан-жағындағыларды қуантып, әзілдеп жылы сөйлеп сыйлап бауырына тартып, елдің бәрін жақын көріп жүретін. Алматыда Қуанышбай «Қуаға» атанып кетті. Оның себебі жайдарлы жұмсақ мінезі, жанашырлық қасиетінен болар.
Қуанышбай ағамыз Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін сырттай аяқтап өзінің редакциядағы қызметі бойынша жұмысын жалғастыра берді. Осы ортада жанына жақын достарда шоғырланады. Елге есімі белгілі Оралхан Бөкей, Ақселеу Сейдімбек, Кәрібай Ахметбек, Серік Әбдірайым, Кәдірбек Сегізбай, Бексұлтан Нұржекеұлы және Қуанышбай Құрманғали «Лениншіл жас» газетінде жүргенде «Жеті жетім» аталып кеткен. Өйткені, көпшілігінің әкелері соғыстан оралмаған. Өз араларында ұйым құрып, бірге жүріп, дәурендеген кездері 67 жылдардан басталды. Бір-бірінің жазғандарын оқып, пікірлесіп, сырласып, дауласып, ойнап-күліп шын мәнісінде бір үйдің баласындай болып ғұмыр кешіп достықтары мәңгілікке ұласты.
Құрманғали Қуанышбай ғылым мен білім, баспа саласында ұзақ жылдар қызмет жасаған. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты Республикалық баспа кабинетінде директор, 1998 жылдың наурызынан 2001 жылдың наурызы аралығында Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының вице-призеденті – баспа кабинетінің директоры, 2001-2003 жылддары «Ғылым» ғылыми баспа орталығының бас директоры болды. Содан бері өткен өмір жолы түгелдей қазақ баспасөзімен тығыз байланысты. 1960-1976 жылдар аралығында қазіргі «Жас Алашта» корректор әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі және алқа мүшесі, кейін 1989-1992 жылдары «Ақиқат» (бұрыңғы «Қазақстан коммунисі») журналында аға әдеби қызметкер, жауапты хатшы және бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақ энцеклопедиясының бас редакциясында редакция меңгерушісісі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында бас маман және «Ел» баспасының бас редакторы қызметтерін атқарады. «Жалын» баспасында бас редактордың орынбасары , бас редактор қызметінде болған.
Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінде ақынға арнап қойылған көрме
Әдебиетке әуестігі мектеп қабырғасында басталған Құрманғали Қуанышбайдың тұңғыш өлеңдерінің тұсауы «Лениншіл жаста» 1960 жылы кесілді. Содан бергі өткен 50 жылдан астам уақыт ішінде оның өлеңдері, әдеби мақалалары Қостанай облыстық «Қостанай таңы», Алматы облыстық «Жетісу», республикалық «Жас Алаш» («Лениншіл жас»), «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Жалын», «Жұлдыз», «Арай», «Парасат» («Мәдениет және тұрмыс»), «Қазақстан әйелдері», «Ақиқат» («Қазақстан коммунисі») журналдарында үзбей жарияланды. Жазушының тұңғыш өлеңдері «Арман аралы» («Жалын», 1981), «Қош қалқатай» («Жалын», 1990) деген атаумен жинақ болып жарыққа шықты.
Ғұмырында көптің алғысына бөленіп, «ол жақсы адам ғой» еді деген құрметпен есте қалды. Жұбайы Қаншайыммен отау құрып тәту-тәтті ғұмыр кешті. Қуанышбай ағамыз тамырын тереңге жіберген бәтеректей ұрпақтарымен мәңгі жасайды. Оның ұрпақтары жоғары оқуды тәмамдаған білімді, білікті мамандар. Дулат Қуанышбайұлы – заңгер. Қызы Жанар – медицина ғылымдарының докторы, Аймен саяси ғылымының докторы, халықаралық қатынастар институты кафедрасының профессоры, Шолпаны – қаржы салсасында банкир.
Шынар ДОСМАҒАМБЕТОВА,
Қостанай облыстық
Ы.Алтынсариннің мемориалдық
музейінің қызметкері
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.