Құлақтан кіріп, бойды алар 

Выпуск - №43(439)   :   01.11.2020
302

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!», – дейді қазақ. Бүгін қолыма қалам алуыма себепші болып отырған Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназияның еңселі ұстаздарының бірі, музыка саласының маманы, әріптесім ТҰЯҚБАЕВА Гүлнара Қойбағарқызы.

«Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады» дегендей, дарын иесі Гүлнара Қойбағарқызы қаншама шәкірт тәрбиелеп, шығармашылықтарын шыңдап келеді. Ұстаздың шәкірттері түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, үнемі жүлделі орындарды қанжығасына байлап келеді. Осы тұста: «Жаңа формация педагогі – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты», – деген Н.Назарбаевтың тұжырамдамасы еріксіз еске оралады.
Дарынды балаларды биік шыңнан көрсеткен Гүлнара Тұяқбаеваның еңбегі де жоғары бағалануда. Осыдан бес жыл бұрын Абай оқуларының жүлдегерін дайындағаны үшін Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының облыстық мадақтамасы, сол жылы Республикалық «Музыка әлемі» балалар мен жасөспірімдер байқауында өнерлі балаларды дайындағаны үшін ҚР БҒМ халықаралық «Жастар әлемі» қорының Алғыс хаты, 2017 жылы «Жарқын болашақ» IX облыстық «Білім-Инновация» қазақ тілі олимпиадасында «Әнші-бұлбұлдар» аталымы бойынша шәкірті жүлделі I орынға ие болғаны үшін Қостанай дарыны өңірлік ғылыми-практикалық орталығының мадақтамасы, вокалдық өнерді дамыту жолында дарынды балаларды XVI Халықаралық «Алтын микрофон» байқауына дайындауға қосқан үлесі үшін 2018 жылы доплом иеленгені соның бірден-бір дәлелі болса керек.
Сонымен қатар «Алтын күз» балалар, жасөспірімдер және жастар шығармашылығының халықаралық фестиваль-байқауында жоғары кәсібилігі мен педагогикалық шеберлігі үшін берілген марапат, 2019 жылғы «Созвездие таланты» байқауының лауреатын «Эстрадалық вокал» аталымы бойынша дайындап, 2-орын иеленгені үшін халықаралық диплом және «Жас талант» балалар, жасөспірімдер және жастар шығармашылығының республикалық фестиваль-байқауында «Таланттар шоқжұлдызы» ҚБ мадақтамасының да иегері. Өнер мен мәдениеттің дәмін көріп, рахатын сезініп жүрген әріптесіме болашақта да шығармашыл шәкірттерді биіктен көрінетініне кәміл сенеміз.
Гүлнара Қойбағарқызы біліктілік сындарына қатысып, оза шауып, іс-тәжірибесімен де бөлісетін, жас әріптестеріне қолдау көрсететін шебер мұғалім. Оның айғағы ретінде келесі мадақтамаларын айтқым келеді: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өткен «Қазақ елінің үздік ұстазы» атты республикалық жобаға озат іс-тәжірибесін ұсынып, ұстаздық шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін, «Білім шыңы – ғылым сыры» педагогтер мен оқушыларға арналған республикалық ғылыми-әдістемелік, танымдық, мәдени-рухани журнал, 2019 жылы республикалық мадақтама, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері, «Білім бұлағы» аталымының жеңімпазы «Qaztest.kz» сайтында педагогтердің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған II Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткені үшін, сондай-ақ өткен жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің республикалық мадақтамасының иегері атанғанын айта кеткен жөн.
«Өлең – алтын, сөз – күміс» дегендей, музыка маманы Гүлнара Қойбағарқызының шәкірттерінің сахна төрінде орындаған әндерін алтынға, ал тәжірибелі ұстазымыздың келешек ұрпаққа беріп келе жатқан ақыл-кеңесін күміске теңесек артық болмас. Әріптесімнің қиындығы мен қызығы қатар жүретін еңбегіне шығармашылық табыс тілейміз. «Өнерлі өрге жүзеді» дейді. Өрге жүзе беріңіз, құрметті де абыройлы ұстаз!
Күлайша ҚАРАТАЕВА,
Н.Наушабаев атындағы
мектеп-гимназиясының
география пәні мұғалімі,
Тобыл қаласы
 

Реклама

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».

Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.

Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1
2
3
4