Кез келген адамға ұстаз жүрегі, ұстаз жаны ерекше қымбат. Ұстаз бала болашағына алаңдан, тынбай еңбек етіп, білім нәрмен сусындатады. Бар жүрек жылуын жас жеткіншектерге арнап, үлгі-өнеге беретін де сол.
«Ұстаз – ана, ұстаз – дана, нұрлы жүзі – жанға пана» деп бекер айтылмаса керек. Бүкіл ғұмырын жас өркендерге сапалы білім беруге арнаған ұлағатты ұстаздар қатары Абай атындағы мектебінде де жетерлік. Шәкірттерінің ықыласына бөленіп жүрген сондай білімді ұстаздардың бірі – дене шынықтыру мұғалімі Раимбаев Жанқожа Ерқасымұлы жайлы айтпай кетуге болмайды.
«Жас келсе – іске» демекші, ол 2017 жылы сол кездегі Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетін тәмәмдай сала еңбек жолын жас маман болып біздің Абай атындағы мектепте бастап, күні бүгінге дейін шәкірт тәрбиелеп жүрген жан. Ол кісі дене шынықтырудың оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруімен қатар күш-қуаты мықты, жан-тәні сау оқушылардың саламатты денені шынықтырудың дамуына ықпал етеді.
Жанқожа Ерқасымұлын байқампаздық, төзімділік, шыдамдылық, мейірімділік, ұйымшылдық, оптимизм, дербестілік, жауапкершілік, көпшілдік, жанашырлық қасиеттері ерекшелеп тұрады. Нағыз ұстазға тән қасиет – оқушылардың көңіл-күйлерін түсіне біледі, олардың жеке және жас қабілеттіліктерін зерделей алып, оны ескереді. Әрқилы (асық ату, таеквондо, жүгіру, баскетбол, волейбол, шағын-футбол, шаңғы, т.б) сайыстарға ылғи оқушыларын дайындап, оқушылары да талай рет республикалық,облыстық, қалалық сайыстардан жүлделі орындарды еншілеп жүргені мектебіміздің мерейін өсіреді.
Жанқожа ағай тек оқушыларды дайындап қоймай, өзі де спорт сайыстарға қатысады. Ал, 2015 жылы таеквондодан Қазақстан Республикасының спорт шебері атанғаны тағы бір мақтанарлық жайт. Ардақты ұстазымызды Мұғалімдер күнімен құттықтай отырып, Жанқожа Ерқасымұлына шын көңілден ізгі тілек жолдап, әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде болып, қабағына кірбің түсірмей, ұзақ ғұмыр кешіңіз деп тілек білдіргім келеді. Ұстаз – шәкіртімен бақытты емес пе. Шәкірттеріңіз көп болып, еңбегіңізді бағалап жүрсін! Жеңістеріңіз көп болсын!
Гүлзада ШАЙМАРДАНҚЫЗЫ,
Абай атындағы мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.