Ұстаз берген білім мен тәрбие – адамзат баласына рухани азық, әркімнің өміріне салып берер сүрлеуі. Сондықтан, ұстаз – адам бойына, жүрегіне адамгершілік пен білім нәрін себуші. Хийсхан Гарифулла да сол білім нәрін себуші ұстаздар отбасынан.
Хийсхан Гарифулла да сол сүрлеумен ұстаз мамандығына өз жүрек қалауымен келген. Әкесі де, шешесі де, жан жары мен қыздары да мұғалім. Ұстаздық мамандығын таңдағанына өкінбейді. Өз мамандығын мақтан тұтады. Тұтпағанда ше?! Тәрбиелеген шәкірттерің, халқың өзіңді сыйлап, мақтан тұтып жатса. 1991 жылдың көктемінде әскерден келген кезі екен. Бір күні әкесі оны жанына шақырып алып: «Бай-Өлкедегі педучилищенің жанынан ашылған 45 күндік курсқа барасың. Дайындала бер», – деді. Бұл оның ұстаздық жолының ең алғашқы бастамасы еді.
Сол жылы, тәуелсіздік алардан 4-5 ай бұрын. Өзге елден атамекеніне үдере көшкен нөпір халықпен бірге оның отбасы да қазіргі Қарабатыр ауылына қоныс тепкен еді. Ворошиловский өңіріне келеді, аты республикаға танымал басшы, марқұм, Жәзит Кәрімұлының мұрындық болуымен Ақсу орта мектебінің жанынан тұңғыш қазақ бастауыш сыныптары ашылды. Әкесі – завуч, шешесі Жазихан және Хийсхан Гарифулла сол кезде ашылған екі бастауыш қазақ сыныбының алғашқы мұғалімдері болды. Әкесі ат жалын тартып мініп, еңбек жолын мұғалімдіктен бастағаннан-ақ ұстаздық қызметіне қабілетінің қандай екенін көрсете білген.
«Шәкіртсіз ұстаз – тұл» демекші, әкесі өз ұлы Қыдырбектің бойындағы дарындылықты, алғырлықты байқап, сөз өнеріне тәрбиелейді. Шәкірті Қыдырбек – оқушылар және үлкендер арасында өткен республикалық, облыстық айтыстардың жеңімпазы, жүлдегері әрі лауреаты болды. Бұл да әкесінің өз ісінің шебері екендігінің бір дәлелі болса керек. Мұғалім ретінде Қазақстан тарихы мен географиядан сабақ берді. Өмірінің соңына дейін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, 2000 жылы қаңтардың 6-сы күні қайтпас сапарға аттанды.
Шешесі Жазихан 1968 жылы Ұланбатыр қаласында педучилище бітіріп, алғаш еңбек жолын туған жері Бұлғында балабақша тәрбиешісінен бастағаннан кейін балабақша меңгерушісі болды, 1987 жылдан бастап бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарады. Тәрбиелеген шәкірттеріне сапалы білім беріп қана қоймай, түрлі деңгейдегі іс-шараларға белсене араластырып, жоғарғы жетістіктерге жетті. Белсенді қызмет атқара жүріп, 2002 жылы құрмет демалысына шықты.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз бекер айтылмаса керек. Туған балалары да тәрбиеден ада болмады. Әке-шешенің ізін жалғастырды. Қазір Хийсхан Гарифулла әке-шеше жолын қуған, ұстанымы мен терең көзқарасы бар қазақ тіл мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Оқушылары оза шауып, талай белестерді бағындырды, додаларда топ жарып, қанжығалары майланды.
Білімді, саналы ұрпақ болмаса, қоғамның дамуы неғайбыл. Жолдасы Торғын Ибрагимова да аталмыш мектепте тәрбие ісінің орынбасары қызметін ойдағыдай атқарып жүр. Екі қызы – педагог. Үлкені – психолог, кіші қызы – ҚӨУ-де тарих факультетінің студенті. Олар да ата-анасының салған сара жолымен жүріп, талай жетістіктерге жетері хақ.
Қарабатыр мектебінің
бастауыш кәсіподақ ұйымы,
Қамысты ауданы
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».
Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.