Ұлағатты ұстаз – ұлт мерейі

Выпуск - №4(601)   :   04.02.2024
267

«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан», – деп Абай атамыз айтқандай, жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт болашақта ұстанған бағытынан таймасы анық. Оқушыларына сондай нәр беріп жүрген ұлағатты ұстаздың бірі – Гүлбану Мейрамова.

Гүлбану Ноянқызы 1966 жылы қазан айының 14-інде Торғай облысының Жангелді ауданында дүниеге келген. Ана мен әкенің тағылымды мағынасы тереңнен бой алатын тәрбиесін көріп өскен ол, алғаш мектеп табалдырығын Шилі ауылындағы Қ.Жармағанбетов атындағы орта мектепте аттап, 1973-1983 жылдары оқып аяқтаған. 1983-1984 жылдары жастар бригадасында болды. 1984 жылы Арқалық педагогикалық институтының физика-математика факультетінде «Физика және математика» мамандығына оқуға түседі. Институт қабырғасында жүргенде түрлі газеттерде мақалалары жарыққа шығып, олимпиадалар мен іс-шараларға белсене қатыса білді. 1989 жылы институтты «Физика және математика» мамандығы бойынша тәмамдады.

Ұстаздық жолын алғаш рет 1989 жылы Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Калинин ауылында физика пәнінің мұғалімі болып бастады. Артынша осы пән мұғалімі ретіндегі жұмысын 1991 жылы Жангелді ауданы, Шилі ауылы, Қ.Жармағанбетов атындағы орта мектепте жалғастырды. 1997 жылдан бастап, осы күнге дейін Арқалық қаласындағы Б.Майлин атындағы №3 ЖББ мектепте физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарып келеді. Санаты – педагог-зерттеуші. Ал, 2011 жылы осы мектепте директордың ғылыми және әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, 2014-2017 оқу жылдарында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары міндеттерін атқарды.

Гүлбану Ноянқызы – жоғары білімді, сауатты, өз мамандығын сүйетін ұстаз. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, оқу-тәрбие саласында заман талабына сай технологияларды, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана біледі. Жинақтаған іс-тәжірибесімен қалалық және мектептің педагогикалық, әдістемелік кеңестерінде бөлісе білді. Облыстық физика пәні бойынша сараптамалық топ мүшесі қатарында жұмыс істеді. Әрдайым қалалық іс-шаралар мен семинарларда математика және физика пәні мұғалімдерінің қауымдастық отырысында қалалық білім бөлімінде 2020-2021 оқу жылы «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу», 2021-2022 оқу жылы «Физика пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары», 2023 оқу жылы «Физикадан олимпиадалық есептерді шешу» тақырыптарында баядамалар жасалды.

Еңбегіне құрмет ретінде 2017 жылы Арқалық қаласы білім бөлімінің мадақтамасымен, 2018 жылы Арқалық қаласы әкімінің Құрмет грамотасына ие болды. Сондай-ақ, облыстық, қалалық деңгейде тәжірибесін кең көлемде таратып жүрген жан-жақты, білікті ұстазымыздың бірі. Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжіне 40 жыл толуына орай, 2019 жылы «Қостанай облысы білім беру ұйымдарының жаңашылдық бағыттағы даму жолдары» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға мақала жарық көрді. 2021 жылы «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Үздік сабақ презентация» республикалық оқытушылар сайысында І орынға ие болды. 2022 жылы «JNGELI URPAQ» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Физика пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары» мақаласы жарық көрді.

Мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, ғылымға сүбелі үлес қосып келе жатқан осындай азаматшалардың болуы біз үшін үлкен мәртебе. Мектебімізде Гүлбану Ноянқызының есімі ерекше мақтанышпен аталады. Әріптестері мен оқушылары зор беделге ие бұл кісінің әрбір басқан қадамын өнеге тұтып, қадірлейді. Гүлбану Ноянқызы сияқты жұмысына шын берілген ұстаздардың қатары көбейсе, нұр үстіне нұр болар еді.


Индира БАЛТАБАЕВА,
Б.Майлин атындағы
№3 ЖББМ директорының
ғылыми-әдістемелік
жұмыстар бойынша
орынбасары, биология
пәнінің мұғалімі,
Арқалық қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.