Ұстаз болу – жүректің батырлығы

Выпуск - №18(515)   :   07.05.2022
826

Ұстаздық – екінің бірі таңдамайтын қызмет. Жауапкершілігі де, міндеті де аз емес. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, біздің Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының жас маманы Айтолқын Нұрмағамбетова жайлы сөз қозғамақпын.

Айтолқын Амантайқызының ұстаздық жолға келгеніне небәрі 2 жыл. Өзім жас маманды алғашында мектеп коридорында кезекшілікте тұрған кезде кезіктірдім. Сұлу келбетті, кішіпейіл, сабырлы, жұмысқа деген ерекше ынтасын, жауапкершілігін байқадым. Сол сәтте ішімде бір қуаныш сезімі бойлағанын сездім. Жақсы ұстаз болатынын бірден білгендей, қасымдағы мұғалімдерге айтып жүрдім. Ойым қате болмады. Ол мектепте жақсы ұстаз болса, үйде инабатты келін, сүйікті жар, мейірімді ана. Осы аз ғана уақытта ұжымда еңбекқорлығымен, шығармашыл қасиетімен, ұқыптылығымен өзін көрсете білді.

Айтолқын Амантайқызы өзінің екінші сынып оқушыларын сауаттылыққа үйретумен қатар олардың тұлға ретінде қалаптасуына көп көңіл бөледі. Сабақтарын да қазіргі заман талабына сай дамыта оқытудың жаңа технологияларын пайдаланып, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып отыр. Тәлімгерінің қолдауымен және бойындағы қабілеттерінің арқасында аудандық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» сайысында «Гран-Приге» ие болды. Аталмыш байқаудың облыстық кезеңіне өтіп, мақтау қағазымен марапатталды. Одан бөлек «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты педагогтер байқауының облыстық кезеңінде қатысып, марапатталғанын айта кеткен жөн.

«Жақсы адам – Алланың нұры» дейді. Осындай талапты, еңбекққор, заманға сай жаңашыл, даралық қасиеттер бар мамандар біздің мектеп-гимназиясына келе берсін деген тілектемін.

Мадена САЙТГАРАЕВА,

Н.Наушабаев атындағы

мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі,

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.