Жаңа оқу жылының бірінші тоқсаны да аяқталды. Жалпы бұл жыл барлық білім алушылар мен педагогтер, ата-аналар үшін де өзгеше форматта басталды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаларға үйренісу қиынға соқты.
.jpeg)
Оқушылар мен мұғалімдерге, сонымен қатар ата-аналарға да айрықша талаптар мен міндеттер қойылды. Адам баласының жаңа нәрсеге үйреніп кетуі тез ғой. Міне, екі ай көлемінде бірінші сынып оқушылары да қойылған талаптарға төселіп, күн сайын атқарылатын санитарлық шараларды да жаттап алды. «Кезекші сыныпта» оқитын бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары балаларын мектеп ауласына кіргізіп жібергеннен кейін оларды сынып мұғалімі, мектеп медбикесі, кезекші әкімшілік пен кезекші мұғалімдер қарсы алады.
.jpeg)
Мектеп медбикесі оқушының дене қызуын өлшеп, қолына антисептик сеуіп, маскасын ауыстырып, сыныпқа кіруіне рұқсат береді. Кесте бойынша кезекші сыныпта үш сабақ өтеді. Мектеп қабырғасында оқушылар арақашықтық сақтау, медициналық масканы ауыстырумен қатар оны дұрыс киюді, қолды антисептикпен жууды жаттанды түрде орындап отырады. Бүлдіршендер кішкентай болса да, үлкен адамдарға қарағанда жауапкершіліктері жоғары екенін сездірді. Талап бойынша сабақ аяқталғаннан кейін де оқушылардың дене қызуы өлшеніп, келесі сыныптың сабағы біткенше 15 минут көлемінде ата-аналары алып кетуі керек. Ата-аналар да ережелерді қатаң сақтап, балаларын уақытылы мектептен алып кетуге дағдыланып қалды.
Мұғалім ретінде баршаға осындай жауапкершілік жүктелген жағдайда ата-аналарға және оқушыларыма ризамын. Біздің болашағымыз – осы оқушылар. Ата-аналардың ел басындағы ауыртпалық кезеңді дұрыс түсініп, жауапкершілікпен қарағанына көңілім толады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мектеп пен ата-ана, оқушы – бәріміз бір болып жұмысқа кіріссек, қандай қиыншылық болса да жеңетінімізге кәміл сенемін.
Мәрзия БАЙМЕНОВА,
№115 ОМ бастауыш
сыныптар мұғалімі,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.