Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

Выпуск - №32-33(629-630)   :   23.08.2024
252

13-2
загрузить картинки бесплатно без регистрации

Осынау күрделі тақырып – тәрбие жұмысы жүйесінің негізгі бағыттарының бірі саналады. Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың тиімді алдын алу – өскелең ұрпақтың адамгершілік және психикалық денсаулығын қорғаудың басты шарты.

Кәмелетке толмағандар қандай жағдайларда қылмыстық, әкімшілік және басқа жауапкершілік жазаға тартылуы мүмкін. Мысалы, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкiлдерiнiң еріп жүруінсіз түнгі 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – 3 АЕК мөлшерінде (2024 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 1 АЕК – 3692 теңге) айыппұл салуға әкеп соғады. Ал, осы уақыт аралығында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз кәмелетке толмағандарды ұстаған жағдайда заңды өкілдеріне ескерту жасайды.
ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы: «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуы». Аталған баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – заңды өкiлдерiне 7 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Егер, темекі өнімдерін – кальяндық темекі, ҚР заңнамасымен тыйым салынған орындарда электронды тұтыну жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтарды қолданған жағдайда – 15 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған жағдайда – 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 18 жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік өнімдерді ішуі – ата-аналарға немесе қамқоршыларына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. ӘҚБтК-нің 440-бабы: «Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындардарға келуі». Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, полиция, жедел жәрдем, төтенше жағдайлар қызметтеріне жалған қоңырау шалып, шақыру – жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға дейін апарады. Дәл осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Атаған баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, 14 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған іс-әрекеттер – ескерту жасауға немесе 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал, 14 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жасөспірімдер жасаған ұсақ бұзақылық – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бұзақылық, яғни 16 жасқа жетпеген кәмелетке толмағандар жасаған ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекет қорғайтын табиғи объектілерді, адамдар жерленген орындарды жазу не суреттермен қорлау, сондай-ақ қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер ата-аналарына немесе қамқоршыларына 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау, сонымен қатар оларды күтіп-бағу және ұстау жөніндегі міндеттерді орындамауы – 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Аталмыш баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, заңды өкілдер жасаған, кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен айналысуына әкеп соққан іс-әрекет не комиссия қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтитын қасақана әрекет – 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің ҚР білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы – ескерту жасауға немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың 1, 2-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ендеше, ата-ана баласының құқық бұзушылыққа бейім екенін білсе не істеу керек екен?
1. Тыныштық сақтаңыз.
2. Жағдайды түсіну.
3. Баланың сізге деген сенімін сақтаңыз.
4. Балаңызбен не болып жатқанын мүмкіндігінше көбірек біліңіз.
5. Өзіңізді манипуляциялауға жол бермеңіз.
6. Процестің өз бағытын өзгертуіне жол бермеңіз.
7. Ақылға қонымды бақылау шекараларын орнатыңыз.
8. Балаңыздың жақсы жаққа өзгеруіне көмектесіңіз.
Ата-анаға кеңес: балаңызбен неғұрлым көп уақыт өткізуге тырысыңыз, оның жетістіктері мен сәтсіздіктеріне қызығушылық танытыңыз; оған проблемаларды шешуге көмектесуге тырысыңыз; балаңызға мектепте, үйде, көшеде, қоғамдық орындарда, қонақта өзін дұрыс ұстау мен мінез-құлық ережелерін түсіндіріңіз; балаңыздың қайда және кіммен уақыт өткізетініне қызығушылық танытыңыз; балаңызды спорт секциясына немесе үйірмелерге жазғызыңыз, бос уақытын тиімді өткізіңіз; ең бастысы, мектептен және де басқа мекемелер мен ұйымдардың мамандарынан кеңес сұраудан тартынбаңыз.

Сандуғаш КАРМАНОВА,
Мемлекеттік тілде оқытатын
А.Байтұрсынұлы атындағы
ЖББ мектебінің әлеуметтік педагогі,
Қостанай ауданы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.