Жас маман мен тәлімгер арасындағы жұмыс – кез келген салада кәсіби дамудың маңызды құрамдас бөлігі. Тәлімгерлік жас мамандарға біліктілігін арттыруға, тәжірибе жинауға және жұмыс орнында өзін сенімді сезінуге көмектеседі.
Бұл үдеріс жас мамандар үшін жаңа ақпараттар мен дағдыларды үйренудің тиімді жолы болса, тәжірибелі мамандарға өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісуге мүмкіндік береді. Тәлімгерлік процесінің маңыздылығы, артықшылықтары мен тиімділігіне тоқталып өтейік. Кез келген жас маман үшін мансап жолының басталуы – маңызды әрі жауапты кезең. Табысты болу үшін білім, білік, ынта және тұрақты даму қажет. Жетістікке жету жақсы білім мен кәсіби дағдыларға ғана байланысты емес, сонымен қатар жеке қасиеттер мен дұрыс жұмыс әдеттеріне де тәуелді.
Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы гимназияда математика пәнінің мұғалімі болып үш жылдан аса қызмет етіп келемін. «Жас маман мектебі – білікті ұстаз негізі» әдістемелік тақырыбында жұмыс өтілі 30 жылдан асқан білікті ұстаз, математика пәнінің мұғалімі Жүрсін Ұлысбайқызының тәлімгерлігімен үш жыл бірлесе отырып жұмыс істедік. Ұстаздың тәлімгерлік қарым-қатынасы арқылы кәсіби байланысымыз кеңейіп, жас маман ретінде жұмыс барысындағы қиындықтарды тез шешуді үйрендім. Үздіксіз атқарылған жұмыстардың арқасында бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп, жұмысым нәтижесін бере бастады.
Жетістік бірден келмейді. Ол көп еңбекті, шыдамдылықты және уақытты талап ететіні хақ. Мансап жолында түрлі қиындықтар мен кедергілер болуы мүмкін, сол себепті де табандылық танытып, барлық сынақтарды еңсеру қажет. Жетістікке жетуімнің және осы қызмет саласында өсуіме ықпал еткен маңызды факторлардың қатарында: үздіксіз білім алу; тәлімгерден кеңес алу; мақсат қою және жоспарлау; жұмысқа деген ынта және жауапкершілік; кәсіби байланыстарды кеңейту (нетворкинг); шыдамдылық пен табандылық және өз-өзіне сенімділікті атап өткім келеді.
Әрине, нетворкинг – кез келген маман үшін маңызды дағды. Жас маман өз саласында кәсіби байланыстар орнатып, әріптестерімен және басқа да сала мамандарымен қарым-қатынас орнатуы қажет. Бұл байланыстар болашақта кәсіби өсуге және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ал, өз күшіне сену – жетістікке жетудің маңызды факторларының бірі. Өз-өзіне сенімді жас маман қиындықтарға мойымай, алға қойған мақсатына жетуге барынша талпынады. Сенімділік мансап жолында көп мүмкіндіктерді ашады және кедергілерді еңсеруге көмектеседі.
Жас маманның қызметте жетістікке жетуі – жүйелі еңбек, өз білімі мен дағдыларын үнемі дамыту, мақсат қою және табандылық арқылы жүзеге асады. Тәлімгердің қолдауы, жұмысқа деген ынта және жеке қасиеттер кәсіби даму жолында маңызды рөл атқарады. Жоғарыда аталған кеңестерді ұстана отырып, кез келген жас маман өз саласында табысты мансап құрып, кәсіби тұрғыда жетістікке жете алады. Осы орайда үш жыл аралығында жеткен жетістіктерімнің бірнешеуін атап өткім келіп отыр.
Былтыр «Үздік сандық білім беру ресурсы» мектепішілік байқауында 1-орынды иелендім. STEM технологиясындағы жасанды интеллекттің мүмкіндіктері тақырыбында коучинг өткізіп, «Үздік жас маман-2024» байқауының мектепішілік кезеңінің жеңімпазы атандым. «Мұғалімдердің функционалдық сауаттылығы және олардың оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы құзыреттілігі» тақырыбында қалалық деңгейде коучинг өткіздім (2022 ж.). Өткен жылы қалалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» жас мамандар арасында өткізілген қалалық байқауында 1-орын иеленіп, «Жаңа оқу жылында пәндерді оқытудың ерекшеліктері және мұғалімдердің құзыреттіліктерін арттыру» атты шебер сыныпқа қатыстым.
Сондай-ақ, былтыр Арқалық қаласы білім бөлімің грамотасын иеленіп, «Физика-математиканы оқытудың нәтижеге бағытталған жаңа моделі – кәсіби маман даярлаудың негізі» тақырыбында қалалық семинарда баяндама жасадым. «Шәкірт жеңісі – ұстаз жемісі» демей ме, оқушыларым қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадаларда бақ сынап, жеңімпаз атанғанын ерекше атап өткім келеді. Тәлімгерім Жүрсін Ұлысбайқызының бағыт көрсетіп, тәжірибесімен бөлісуі, жұмыс өнімділгін бағалауы, жігерлендіруі әрі қолдауы мені осындай жетістікке жеткізді. Осы орайда, тәлімгерімнің мықты маман екеніне құрмет танытып, еңбегінің алдында бас иемін.
Жас маманның қызмет жолындағы жетістігі көп факторларға байланысты. Ол үнемі білімін жетілдіріп, тәжірибелі тәлімгерден кеңес алып, нақты мақсаттар қоюы қажет. Сонымен қатар, жұмысқа деген ынта, жауапкершілік және кәсіби байланыстарды кеңейту сияқты дағдылар да маңызды рөл атқарады. Шыдамдылық пен табандылық танытып, қателіктерден сабақ алып, өзіне сенімді болу – жетістікке жетудің кілті. Жас маманның үздіксіз даму мен өз-өзін жетілдіруге ұмтылуы, ақырында, оның кәсіби табысқа жетуіне әрі биік белестерді бағындыруына көмектеседі.
Абдуллах УМАРБЕКОВ,
Ы.Алтынсарин атындағы
гимназияның математика
пәнінің мұғалімі,
жас маман мектебінен
тәлім алып, аяқтаушы,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.