Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, кәсіби шеберлігін арттыру, өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау, дарынды педагогтерді анықтау және қолдау мақсатында ақпанның 1-і мен наурыздың 31-і аралығында «Педагогикалық дебют» байқауы өтті.

Педагогтердің кәсіби шеберлік байқауы кезінде жеребе арқылы әрбір қатысушыға әртүрлі тақырыптар таңдалды. Маған 5 «Ә» сынып оқушыларымен «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты ашық сабақтан тыс іс-шарасы түсіп, оны барынша мазмұнды әрі балаларға пайдалы етіп өткіздім. Ұйымдастырылған сабақ өзекті тақырыпқа арналғандықтан оқушыларға жолда жүру ережелерін, қауіпсіздігін сақтауға, жол ережесінің арнайы белгілерімен таныстыру арқылы оқушыларды көшеде дұрыс жүріп-тұруға тәрбиелеу мақсаты назардан тыс қалмады.
Өзекті тақырыптағы іс-шара сахналық көріністен бастау алып, жол белгілері айдарымен жалғасын тапты. Оқушылар өзара топтық жұмыс жасап, танымдық сұрақтарға жауап беру арқылы белсенділіктерін көрсете білді. Сабақтан тыс іс-шара соңында білім алушылар алған әсерлерімен бөлісіп, жаңадан білген ақпараттарымен жарыса бөлісті. Осылайша сабақтың көңілдерінен шыққанын айтып, тұшымды пікірдерін айтып жатты. Расымен де, өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей, ережелерді білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман-есен жүруге болады. Сондықтан да:
«Жол тәртібін білейік
Аман-есен жүрейік!».
Ұлпан ЖУСИПОВА,
№13 ЖББ мектебі,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.