Ыбырай Алтынсариннің алдағы мерейтойы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберіндегі «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Дала әуендері» атты қалалық домбырашылар байқауы өтті.
Байқау Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімі және Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің Балалар және жасөспірімдердің шығармашылық орталығының жұмыс жоспарына сай қашықтан ұйымдастырылды. Домбырашылар додасы Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен ұлттық идеясының құндылықтарын дамыту, жастарды ұлттық патриотизмге, ұлттық мәдениет, әдет-ғұрып және дәстүрлер рухында тәрбиелеу, сонымен қатар жас домбырашылардың кәсіби деңгейін көтеруді көздеді.
Байқауға қаладағы білім мектептері, музыкалық мектеп, Балалар және жасөспірімдердің шығармашылық орталығы, Лисаков техникалық колледжі және Октябрь ауылынан 22 оқушылар мен студенттер қатысты. Қатысушылар рсынд 8-10 жас – бірінші санат, 10-13 жас – екінші санат, 13-17 жас – үшінші санат ртінде қарастырылып, жас ерекшеліктеріне сай бөлек бақ сынасты. Байқау қашықтан өткендіктен, қатысушылар домбырада ойнаған күйлерін видеоға түсіріп, ұйымдастырушы комитетке қыркүйектің 29-ы мен қазанның 31-і аралығында жіберді. Әділ қазылар алқасы жіберілген видеоларды тыңдап, қатысушылардың күйлеріне лайықты бағасын берді.

Нәтижесінде бірінші санат бойынша: 1-орынды – Азар Күлбаев (жетекшісі Қ.Ерғалиев), 2-орынды – Дамир Манат (жетекшісі Қ.Ерғалиев) және 3-орынды – Мансұр Бораш (жетекшісі М.Бірмұхан) иеленді. Ал екінші санатта бірінші тұғырға Әсет Жылқайдар (жетекшісі М.Бірмұхан) көтерілсе, 2-орынға Аружан Нұрмұхамбет (жетекшісі Қ.Ерғалиев), 3-орынға Самита Базарбаева (жетекшісі Қ.Ерғалиев) лайық деп танылды. Үшінші санат бойынша 1-орын – Абылай Өтегеновке (жетекшісі М.Бірмұхан), 2-орын – Әсет Түгүлге (жетекшісі Ж.Алдамжарова), 3-орын – Аруна Қуандыққа (жетекшісі М.Бірмұхан) берілді.
Домбыра – ұлттық өнеріміздің негiзiн салушы әрi жеткiзушiсi. Сондықтан оның қазақ үшiн киелi аспап екенiн мойындай отырып, қазақтың ұлы перзенттерiн даярлауға тиiспiз.
Дыбыс БАЛАБИЕВА,
Лисаков қалалық балалар мен
жасөспірімдер шығармашылық
орталығының әдістемелік
бөлім меңгерушісі
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.