Заман сұрасындағы ТорIQ платформасы

Выпуск - №32-33(629-630)   :   23.08.2024
337

5-1-1

Әрдайым заман көшіне ілесіп отыру – адамға таңсық дүние емес. Неге десеңіз, оны уақыттың өзі талап етеді. Ал, адам – кез келген саланың қозғаушы күші. Бүгінгі жаңа ғасырмен ілесіп, білім мен ғылымның бағыт-бағдары да жаңашалана түсуде.

Осы орайда, бұл істің мамандары, мұғалімдер де, үнемі ізденіс үстінде. Ондағы мақсат – білім беру сапасын арттыру. Бұл межеге жету бүгінгі күннің өзекті құралдары – цифрландыру арқылы жүзеге асатыны баршамызға мәлім. Себебі, қазіргі балалардың қаруы – түрлі гаджеттер. Ал, бала нені қажет деп санаса, сол қажеттілікпен жауап бере алған абзал. Бұл қажеттіліктерге жауап бере білген ұстаз – бүгінде жаңашыл, шәкірттерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдауға жағдай жасай алатын, білімді қабылдауға деген құштарлығын дамыта алатын, ең бастысы олардың жеке бейімділігі мен талантын аша білетін тұлға.
ХХІ ғасыр – ақпараттық технология мен ғылымның кеңінен қанат жайып, дамыған заманы. Білім беру саласындағы интербелсенді техниканы пайдалану – қазіргі мұғалімдерге қойылатын басты талаптардың біріне айналды. Ал, ұстаздардың қаруы – түрлі оқыту құралдары, ғаламтор желісіндегі көптеген платформалар, сайттар мен құралдардың саны күн сайын артуда. Олардың ішінен тиімдісі мен сапалы платформаны таңдай алу – мұғалімнің өз еншісінде. Осы тұста, өз тарапымнан «ТорIQ – цифрлық оқулықтар» платформасы туралы ұсынысымды айтқым келеді.

5-1-2


«ТорIQ – цифрлық оқулықтар» платформасында мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары үшін пайдалы ақпарат көздері орналастырылған. Бастысы, бұл – мектеп қабырғасында оқытылатын оқулықтардың электрондық кітапханасы саналатын Отандық алғашқы платформа. Аталмыш білім беру кеңістігі тек электронды оқулықтар кітапханасы ғана емес, сонымен қатар интерактивті тапсырмалары бар мультимедиялық оқу құралы ретінде белгілі. Мен неліктен ТорIQ таңдадым? Себебі, ол мұғалімдер мен оқушылар үшін де қолданылу жағынан ыңғайлы, білім беру мазмұны мен құрастырылған тапсырмалары сапалы және бұл платформа кез келген жерде жұмыс істеуге ыңғайлы, қолжетімді әрі заман талаптарына сай жаңашыл кеңістік деп есептеймін.
Сөзсіз, бұл платформаның артықшылықтары көп. Тек тінтуір батырмасы арқылы шәкірттеріңді тапсырмалармен қамтып, қосымша ақпараттарды тіркей аласың. Интерактивті тапсырмалар мен сапалы, қанық түсті анимациялық материалдар да баршылық. Үй тапсырмаларын тексеру, бағалау және комментарий беру мүмкіндігі де ұнайды. Ал, оқушы үшін тіптен тиімді. Ауыр кітаптарды арқалаған сөмкеден құтқарып, денсаулығын сақтайды, телефон мен ноутбукті жанына серік еткен олардың оқуға қызығушылығы артады. ТорIQ-ді – тәжірибемдегі ең тиімді платформалардың бірі деп санағандықтан, ол туралы басқа да әріптестеріме айтып, кеңес беріп отырамын.
Қостанай облысы білім басқармасының «Әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен өткен «Қарым-қатынас. Түсіну. Шабыт» облыстық форумында «Қазақ тілі сабақтарында ТорIQ цифрлық платформасын пайдалану мүмкіндіктері мен артықшылықтары» тақырыбында тәжірибеммен бөлістім. Тәжірибе барысында бұл платформаның тиімділігін, артықшылықтарын атай отырып, бүгінгі жаңашыл ұстазға өз уақытын үнемдеп, білім алушыларды сабақ барысына қызықтыра түсетінін атап айттым. Осы платформа туралы форумға қатысушы мұғалімдердің бірі білсе, бірі білмейтіндігін ескере отырып, оны қалай пайдалануға болатындығы туралы да кеңес беріп өттім. Ұстаздар арасында қызығушылық тудырған бұл құралдың тиімді тұсы – әр тақырыпқа оқу мақсаты қарастырылып, сол мақсатқа сай тапсырма құрастырылғаны – платформаға сұранысты арттыра түсті. Сонымен қатар, ондағы оқушыға берілетін кері байланыс та, оның «Күнделік» сайтымен тығыз байланыста екендігі де әріптестеріме ұнағанын байқадым.
Еліміздің даңқын асқақтатын дарынды ұрпақты тәрбиелеу – біздің қолымызда. Классикалық тәрбиешінің рөлі көп ұзамай өздігінен жойылады. Қосымша курстарға, үйірмелерге барып, қосымша білім алғаннан қашықтан оқып, білім алуды артық санайтын Z буыны үшін түрлі қызықты, пайдалы ақпарат бере отырып, оқытатын сайттар саны күн сайын артып келеді. Егер оқушы өзін қызықтыратын білім нәрін көзбен көріп, қолмен жасап білмесе, оның білімге деген шырағын сөндіріп алуымыз әбден мүмкін. Технологияның тілін меңгерген бүгінгінің жастары теориядан гөрі тәжірибиеге баса назар аударатын буын болғандықтан, олардың қажеттіліктерін «ТорIQ – цифрлық оқулықтар» платформасы өтей алатындығына сенім білдіре аламын.
Т – табысты, О – озық ойлы, Р – парасатты, I – интеллектуалды және Q – қабілетті оқушыны қалыптастыратын білім алаңы екендігін ескере отырып, ТорIQ платформасын пайдалануға кеңес беремін.

Нұрзат ЖҮЗТАЕВА,
Б.Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.