Бүгінгі әлемнің жаңашылдықтарына көз ілеспейді. Заман талабына сай білім беру жүйесінде де өзгерістер өте көп. Тәуелсіз еліміздің алдында тұрған білім беру саласындағы басты мәселе – сапалы білім беру, ғылымды дамыту.
Халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу мәселесі білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Қазіргі кезде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру мәселелері қолға алынып, оқытуды ұйымдастырудың нысандары мен әдістері өзгеріп, оқу процесі спиральды жүйе бойынша ұйымдастырылып отыр.
Қазақ елі ағартушылық идеясымен сусындай бастаған шақта, қазақтың дана ақыны Абай атамыз білім мен ғылымға қозғау салып, зор серпін берген. Міне, биыл қазақ халқының жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, реформатор, ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысындағы ағартушылық дәуірінің көшбасшысына, елдің болашақ бағдарын айқындап берген рухани темірқазығына айналған Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Кемеңгер ақын болашаққа үлкен үмітпен қарап, өз шығармашылығы арқылы жастарға ғибрат айтты. «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінде ақын жас ұрпаққа үміт артып, білім мен ғылымды сөз етті. Қазіргі таңда Абай атамыздың арманы орындалып, білім беру саласындағы түрлі өзгерістер білім мен ғылымның дамуына жағдай жасауда.
ХХ ғасырдағы ұстаздың негізгі құралы – қалам мен қағаз, тақта мен бор болса, жаңа заманның ұстазына қойылар талап та зор. Бүгінде қара тақтамыз интерактивті тақтамен, қарапайым оқулықтарымыз электронды оқулықтармен, қағаз бен қаламымыз компьютермен ауысқан ХХІ ғасырдың ұстазы да жаңашылдыққа бет бұрған заманауи ұстаз болуы қажет. «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», – деп Абай атамыз айтқандай, мұғалім мамандығы үнемі ізденіс пен зерттеушілікті талап етеді. Мұғалім білім беру саласындағы өзгерістерден қалыспай, инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеріп, жаңа педагогикалық идеяларды өмірге әкелуі тиіс.
Білімді де білікті шәкірт тәрбиелеу ұстаздан басталары сөзсіз. Ұстаз жолы – қиын әрі жауапты, міндетті іс. Мен де 2014 жылы институтты аяқтағаннан кейін мұғалімдік қызмет жолына түсіп, алғаш еңбек жолымды Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданына қарасты Миролюбовка ауылындағы Киев орта мектебінен бастап, бүгінде облыс орталығы Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында менеджер және география пәнінің мұғалімі болып еңбек етудемін.
Жаңартылған білім беру жүйесіне көшіп отырған заманда география пәні бойынша түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеріп, оқушының әрдайым өз білімін кеңейтіп, тереңдетуіне жағдай жасап отыруға тырысамын. Себебі қазіргі мұғалім – жаңа заман ұстазы болуы тиіс. Идеялар мен ақпараттық технологиялар бәсекелестігінің ғасыры ХХІ ғасырда қоғам дамуының басты шындығы – оның компьютерленуі болып, компьютердің өзі – көрнекі құралдың ең бастысы, оқу процесінің тиімділігін арттырудың бір құралы болып отыр. Бұл құрал оқушыларға білімді өздігінен алуға, оқушының таным процесінің дамуына, оқу ақпараттарын және қолданылатын оқу тапсырмаларының кешенін кеңейтуге, оқушының іс-әрекетін бақылау сапасын өзгертуге мүмкіндік беретін көрнекіліктің заманауи, ыңғайлы және мобильді құралы болып табылады.
Мұғалім үнемі кәсіби шеберлігін арттырып, заман сұранысына сай яғни жаңалыққа жаны құмар, жаңашыл ұстаз болуы қажет деген ұстанымды назарда ұстап, кәсіби шеберлігімді арттыру үшін түрлі курстарға қатысып отырамын. 2016 жылы «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің бірінші ілгері деңгей бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткен болатынмын. Сондай-ақ біліктілігімді арттыруға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсы, Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде география және жаратылыстану пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша оқу курсы, 1-деңгей «Педагогикалық технология» үшөлшемді әдістемелік оқыту жүйесі (УӘЖ) курсы септігін тигізді. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатымен өткізілетін осындай курстардың мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруда маңыздылығы жоғары.
Қазіргі кездегі елімізде ғана емес, әлемде де орын алған ахуалға байланысты және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға сәйкес қашықтан оқыту жүйесінің орын алғанына қарамастан, жаңа заманда жаңаша білім беруді жандандыру барысында жұмыс істеп келе жатқан мектебіміздің мұғалімдері де ұстаздық жолында аянбай еңбек етіп, жаңашылдықтан қалыспай, онлайн режимде өткізіліп жатқан түрлі іс-шараларға белсенді ат салысып, кәсіби шеберліктерін арттыру барысында жұмыстар атқарып жатыр.
Қашықтан оқыту барысында білім ордамыз «Kundelik.kz» және «Online Mektep» платформаларымен жұмыс істейді. Бұл платформалар қашықтан оқу барысында оқушылар мен мұғалімдер үшін тиімді болып отыр. «Online Mektep» платформасында мұғалім қашықтан оқыту түрлерінің синхронды және асинхронды түрлерін қолдана отырып, оқушыларға бағыт-бағдар берсе, оқушы өздігінен білім алуға ұмтылады. Синхронды сабақ беруде бейнеконференция мұғалімдер мен оқушылар үшін өте ыңғайлы. Платформаның көмегімен мұғалім қатысушылардың онлайн сабақты қарау және қатысу статистикасын бақылап отыра алады. Мұғалімдер үздік онлайн интерактивті тапсырмалармен, бейнесабақтармен, қашықтан онлайн оқытуға арналған сапалы мазмұнмен қамтамасыз етіліп отыр.
Жоғарыда айтылған «Kundelik.kz» және «Online Mektep» платформаларының көмегімен мұғалімдерге техникалық және әдістемелік қолдау көрсетіледі. Қазіргі сағат сайын өзеріп жатқан әлемде біз де өз мектебімізге түбегейлі өзгеріс енгізіп, жаңа талаптарға сай білім беруді жүзеге асырып, мектебіміздің алға жылжуы мақсатында жұмыс атқаруымыз қажет.
Нұргүл ЕЛІКБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
мамандандырылған
мектеп-интернатының
география пәні мұғалімі,
Қостанай қаласы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.