Асығың алшысынан түссін!

Выпуск - №4(552)   :   27.01.2023
1048

Қостанай қаласындағы №61 бөбекжайда ортаңғы «Жұлдыз», «Қарлығаш», «Жидек» топтар арасындағы ата-аналар мен бүлдіршіндердің қатысуымен «Ханталапай» ұлттық ойынынан сайыс ұйымдастырылды.

Халықымыздың ұлттық ойындары негізінен мал шаруашылығымен айналысқаннан кейін, көбінесе табиғи заттарды пайдалануға негізделген. Сондай ойындардың бірі – асық ату. Асық ату ойыны балалардың жүйке жүйесінің жақсы дамуына үлесі зор саусақтарының сезімталдылығын дамытады, жас балаларды дәл тигізуге көз жанарына әсері көп, сондай-ақ шыдамдылыққа, ұстамдылыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Осындай қасиеттерді бала бойына сіңіре білсе, асық ойнағанда жеңіске жетуге мүмкіндік болады.

Асық ойынының түрлері көп болғандықтан, мектеп жасына дейінгі баладан бастап, ересек адамдарға дейін ойнауға болады. Балабақшамызда ұйымдастырылған сайыс асық ойынының төрт түрі бойынша – «Омпы», «Тасқала», «Үш табан», «Асық ату» өткізілді. Сайыстың әділ қазылар алқасы құрамына «Асық атудан» спорт шебері Жиеналин Серікбай Төребайұлы арнайы шақырылды. Ата-аналар мен балалардың қатысуымен ойын қызықты әрі тартысты өтті. Ойынның соңында аға төрешінің шешімімен 1-орынды барлық ойын түрлерін талапқа сай орындап, асық атудан мергендіктерімен көзге түскен «Жидек тобы» иеленді.

Екінші орынға «Омпы», «Тасқала», «Үш табан» ережелерін жақсы орындағаныменен асық атудан шамалы қалыс қалған «Қарлығаш тобы» ие болды. Ал 3-орынды ұпай саны бойынша қарсыластарынан аздап қалыс қалған «Жұлдыз тобы» еншіледі. Осындай ойындарды пайдалана отырып, балаларды қарапайымдылық пен байсалдылыққа тәрбиелеу керек.


Алмагүл ЖҰМАБАЕВА,
№61 бөбекжайының
тәрбиешісі,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.