Ата-ана жұмысында өткен бір күн

Выпуск - №4(601)   :   04.02.2024
649

«Үндестік» жобасы және «Кәсіптер әлемі» кәсіптік бағдарлау жобасы аясында Қостанай қаласындағы №54 балабақшаның «Ботақан» тобында «Ата-аналардың жұмысында бір күн» акциясы ұйымдастырылды.

Әлемде көптеген кәсіптер бар: кейбіреулері қауіп пен тәуекелге байланысты, басқалары адамдарға көмек көрсетумен байланысты, енді біреулері маңызды шешімдер қабылдайды және басқалары бекітілген тапсырмаларды орындайды. Қандай мамандық болса да, әрбір бала ата-анасының не істейтініне қызығушылық танытатыны рас.

Балабақшамыздағы «Ботақан» тобы балаларының ата-аналары Ткаченко Тамара Сергеевна, Неверова Анастасия Ивановна, Омельченко Виктор Сергеевич, Аяшева Асемгуль Маликовна игілігі мол акцияға қуана-қуана атсалысты. Олар балаларын жұмыс орнымен таныстырды, онда атқаратын міндеттері туралы әңгімелеп, жұмыс ерекшеліктерін түсіндірді, қызметі барысында қажетті жабдықтар мен материалдарды көрсетіп өтті.

Ата-аналарының жұмысында өткізген бір күннен балалар ерекше әсерленіп, қатарлас дос-жарандарының алдында қуаныш пен мақтаныш сезімін жасырмай, білген ақпараттарымен асқан ықыласпен бөлісті. Осылайша еңбектің қадірін түсініп, бағалауға ықпал еткен акция аясында ата-аналардың жұмысы балаларға қызықты және өте маңызды іс ретінде ашылды.

Іс-шара, біріншіден, отбасы мүшелерін бір-бірімен жақындастыра түсуге септігін тигізсе, екіншіден, ата-анасының жұмыс орнында бір күнін өткізе отырып, балалар үлкен тәжірибе жинады деген ойдамыз. Шарапаты мол акцияны ұйымдастырып, қатысқаны үшін топ пен балабақша өміріне белсенді қатысатын ата-аналарға үлкен ризашылығымызды білдіреміз.

Айжан ӘЛІМБАЕВА,

№54 балабақшаның

тәрбиешісі,

Қостанай қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.